Басуто (сото, суто) - Лесото корольдығында, Оңтүстік Африка Республикасымен шектес аудандарда, ішінара Ботсвана Республикасында тұратын халық. 2001 жылғы мәлімет бойынша, жалпы Басуто халқының саны - 5.3 млн адам, оның ішінде 3,544,304 адам Оңтүстік Африка Республикасында тұрады.

Басуто
Бүкіл халықтың саны

5.3 млн адам (2001 ж.)

Ең көп таралған аймақтар
 ОАР

3,544,304 адам (2001 ж.)

 Лесото

1,8 млн адам

Тілдері

сесото

Діні

христиандық, жергілікті дәстүрлі діндер

Тілі

өңдеу

Банту тілдері тобының оңтүстік-шығыс тармағына жататын сесото тілінде сөйлейді.[1]

Діні

өңдеу

Басутоның көпшілігі католиктер мен протестанттар, азғанасы жергілікті дәстүрлі дінді сақтайды: 90 % - христиадар (оның ішінде 53 % католиктер), 10 % жергілікті дәстүрлі дінді сақтайды (анимализм, фетишизм, бабалар аруақтарына сыйынады, табиғат күштеріне сыйнады т.б.).[2]

Тарихы

өңдеу

Басото халқы 19 ғасырдың ортасында пайда болды. 19 ғасырдың 1 ширегінде басото тайпаларына Чака жорықтары мен Зулу мемлекетінің құрылуына байланысты Наталда болған оқиғалар қатты әсер етті. Басото жерлеріне көптеген зұлыс тайпалары қоныстанды. Оңтүстіктен Транскей өңірлерінен қоныс аударушылар легі де осы жаққа бет алды. 1824 жылы Басото территориясын матабеле басып алды. 19 ғасырдың 30-шы жылдарының басына қарай Дракон таулары аймағында туыстас банту тілдерінде сөйлейтін алуан түрлі халықтар қоныстанды. Қоғамның ескі, рулық бөлінуі жаңа аумақтық бөлініске жол берді. Бұл кезде ағылшын-бур шапқыншылығы қаупі төнген кезде Баквена тайпасының көсемі Мошеш Басутоның жоғарғы көсемі болып танылды, бұл Басутоленд мемлекетінің құрылуының басталуын көрсетті. 1868 жылы Англия Басутолендке протекторат орнатты.[3]

Кәсібі

өңдеу

Негізгі кәсібі - мал шаруашылығы (қой) мен егіншілік (жүгері, бидай). Малды жайып, сауып алуымен еркектері айналасады. Одан басқа - ағаш ұсталық өнері, тері илеу кәсібі, металлургия дамыған. Ерлерінің 80 % -дайы кен орындарында және ОАР плантацияларында маусымды жұмыс істейді [4].

Өмір салты

өңдеу

Ауылдарда инициация сақталған (4-7 жастан кейін), 11-12 жастан бастап ұлдар бөлек үйшіктерде тұрып, ұсақ мал бағумен айналысады. Олар патрилинальды, бірақ кейде нағашы ағаның ерекше рөлі сақталады. Малдағы неке сыйы (лобола) ажырасқанда қайтарылады. Қоныс әйелінің бірінші жүктілігі кезінде ата-анасына уақытша қайтарылатын вирилокальды болып табылады.

Елді мекендер қыраттардың басына салынған, 3000 үйшік пен 15000 адамға дейін. Қазіргі дәстүрлі тұрғын үйлер дөңгелек, сопақ, төртбұрышты, шатырлы төбесі бар.

Ерлерге арналған дәстүрлі киім - былғарыдан және мамықтан жасалған белдік, қыздарға шөптен тігілген белдемше, әйелдерге теріден тігілген белдемше. Маталар кеңінен қолданылды.

Дәстүрлі тағамы – көкөніс пен сүт, ет – ғұрыптық тағам.

Дереккөздер

өңдеу
  1. Советская историческая энциклопедия Басуто https://my-dict.ru/dic/sovetskaya-istoricheskaya-enciklopediya/2107723-basuto/
  2. Значение БАСУТО (НАРОД В АФРИКЕ) в Большой советской энциклопедии, БСЭ https://slovar.cc/enc/bse/1976533.html
  3. Потехин И.И. Басуто http://www.etnosy.ru/node/1047
  4. Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 2 том
  NODES