Бас (итал. basso — төменгі) музыкада келесіні білдіруі мүмкін:

Баритонды бас
 Басқа мағыналар үшін Бас (айрық) деген бетті қараңыз.

1) ер адамның ең төменгі дауысы. Басты жоғары (basso cantante) және төменгі (терең, basso profundo) деп екіге бөледі. Жоғарғы бас лирикалық немесе драмалық бағытта болуы мүмкін. Басқа арналып қазақ операларындағы Есен (Ғ. Жұбанова, “Еңлік — Кебек”), Тайшық хан (Е. Рахмадиев, “Алпамыс”), Жанбота (М. Төлебаев, “Біржан — Сара”) партиялары жазылған.

2) музыкалық аспаптардың төменгі дыбыс шығаратын ішектері мен клавиштерін, сондай-ақ төменгі регистрдегі үрлемелі немесе ішекті (туба, контрабас, саксофон-бас, т.б.) аспаптарды да бас дейді. Қазір қазақтың ұлт аспаптар оркестріне бас-домбыра қосылған.

3) көп дауысты музыкалық шығармадағы ең төменгі партия.[1]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Қазақ Энциклопедиясы


  NODES