Батыс Двина
Батыс Двина, Даугава (латышша Daugava, белар. Заходняя Дзвіна) — Еуропадағы өзен. Ол Валдай қыратындағы Двинец кентінен басталып Ресей, Беларусь, Латвия жерін басып өтеді де, Рига шығанағы арқылы Балтық теңізінене құяды. Ұзындығы 1020 км, су жиналатын алабы 87,9 мың км. Батыс Двина жоғарғы ағысында биікт. 7—20 м жарқабақты аңғармен ағады, арнасында қайраң мен шоңғалдар кездеседі. Шығыс Латвия ойпатына шыққан соң ағысы баяулап, тармақтарға бөлініп, атырауланып Рига шығанағына құяды. Негізінен қар және грунт суларымен толығады. Сағасындағы көп жылдық орташа су ағыны 606 м/с. Көктемде суы тасиды, жазда және күзде мол жауыннан тасқын болып тұрады. Желтоқсанның басында қатып, наурыздың аяғында мұзы ериді. Өзен алабында көл мен батпақ көп; жекелеген бөліктерінде кеме қатынасы бар. Бойында Кегум, Плявинь, Рига СЭС-тері және бөгендер орналасқан.
Сілтеме
өңдеу- Қазақ энциклопедиясы
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |