Беарнэз (фр. sauce béarnaise) — француз және халықаралық аспаздығындағы негізгі және аса танымал соус. Алғашқы рет Францияның оңтүстігіндегі Беарнда шығарылған. Барбекю тағамдары үшін қолданылады. Негізі — шалот пияз (5—6 бадана), эстрагон, кервелья, тимьян, лавр жапырағы, ақ бұрыш. Пияз бен татымдықтар ақ жүзім шарабы мен сірке су қоспасында (50:50 г) қайнатылады, содан кейін суытылып, шай қасық сумен араластырылған екі жұмыртқа сарыуызы қосылады, қоспа сәл қыздырылғаннан кейін, араластырылып 50—75 г сары май, тұз, бұрыш салып, бір екі тамшы лимон шырынын қосуға болады.[1]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: К54 Қоғамдық тамақтандыру.—Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 232 бет.ISBN 9965-36-414-1


  NODES