Бейсик (BASIC) қазірғі кезде кеңінен пайдаланылатын, қарапайым синтаксисі мен шағын көлемді ережелері бар, жоғары деңгейлі, диалогтық режімде жұмыс істеуге арналған программалау тілі. Ол программалауды алғаш рет үйренушілер үшін оқыту мақсатында пайдаланылатын, интерпретаторы (аудару программасы) жеке дискетке де жазыла беретін қарапайым программалау тілі болып табылады; 1965 ж. АҚШ-та студенттерге программалау негіздерін үйрету мақсатында өзірленген. Тілдің атауы мынадай агылшын сөздерінің қысқартылуынан алынған: "Beginner's Ail-hurpose Symbolic Instruction Code" — бастаушыларға арналған шартты нұсқаулардан тұратын кең мақсатты тіл. Бейсик тілі алғашқыда оқытуға арнап жасалғанымен, оның көптеген нұсқалары қазіргі кезде оқуда, ғылымда, өндірісті басқаруда пайдаланылады. Бейсик тілі кеңінен қолданылатын жоғары деңгейлі тілдердің қатарына жатады. Қазіргі уақытта оның көптеген жетілдірілген нұсқалары бар: GBASIC, QBASIC, TurboBASIC және т.б.[1]

basic

Дереккөздер

өңдеу
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А. Қ. Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5


  NODES
os 2