Болбыр (лат. Hydrilla) – сукөріктер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Шығыс Қазақстанда Ертіс өзені мен Зайсан көлінде, ағысы баяу су бетінде қалқып немесе судың орта деңгейіне дейін батып өседі. Шоқ Болбыры (ағылш. Hydrіlla vertіcіllata) деген 1 түрі бар. [1]

  • Биіктігі 50 – 100 см, сабағы ұзын, су бетінде қалқып тұрады.
  • Қосалқы тамырлары арқылы су түбіне бекінеді.
  • Жапырақтары майда, сағақсыз, таспа пішінді, ұзындығы 2 см-дей.
  • Сабаққа кезектесіп не қарама-қарсы 3 – 5-тен топталып орналасады.
  • Гүлдері реңсіз, дара жынысты, бір үйлі.
  • Аталық гүлінде 3 тостағанша және 3 күлте жапырақшалары болады.
  • Маусым айында гүлдеп, шілдетамызда жемісі піседі. Жемісі бұршаққынға ұқсайды.
  • Болбырмен суда тіршілік ететін жәндіктер мен балықтар қоректенеді.
Болбыр

Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Дара жарнақтылар
Сабы: Alismatales
Тұқымдасы: Hydrocharitaceae
Тегі: Hydrilla
Rich.
Түрі: H. verticillata
Екі-есімді атауы
Hydrilla verticillata
(L.f.) Royle

Дереккөздер

өңдеу
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9


  NODES