Бомба тастау - 1) Ұшу аппараты экипажынын авиациялық бомбаларды нысанаға көздеу және тастау жөніндегі іс-эрекетінің кешені. Бомба тастау кезіндегі ұшақтың жағдайына карай: көлденең ұшудан бомба тастау, шүйіле ұшудан және тік шаншыла бомба тастау болып сараланады. Бомба тастау жекелей, топтамалық, дүркіндік немесе топтамалы дүркіндік болуы мүмкін. Қатыстырылған күштердің санына қарай жеке (бір ұшу аппаратымен орындалады) немесе топтық (Ұшу аппараты тобымен жүзеге асырылады) болады. Бомба тастау жою объектісінің сипатына қарай көлемді, я болмаса, нүктелі нысаналар бойынша жүзеге асырылады. Бомба тастау шалғай биіктіктен (4000 м және одан да астам), орташа (1000 4000 м дейін), аласа (1000 м дейін) және тым аласа (200 м. дейін) биіктіктен орындалады. Қазіргі көздеу-навигациялық жүйелер жер үсті (теңіз) нысаналарын кез келген метеорологиялық жағдайда күндіз де, түнде де көздеп бомба тастауды жүзеге асыруға жағдай жасайды. 2) Ұшу аппаратынан Бомба тастауды колдану әдістерін, техникалық құралдарын, теориясы мен әдістемесін окытып-үйрететін колданбалы ғылыми пон. Негізгі бөлімдері: А.б. баллистикасы, көздеу теориясы, бомбалап жою құралдары, бомбалау қару-жарағы, бомбалау көздеуіштері мен жүйелері, Б.тды орындау, бомбалау дайындығының әдістемесі, бомба тастау теориясының тиімділігі. Көлденең ұшудан бомба тастау кез келген биіктікте жүргізіледі (шектеулі аз биіктіктен іс жүзіндегі шарықтау шегіндегі биіктікке дейін). Тік шаншыла көтеріліп Бомба тастау — ұшу аппаратының шаншыла көтерілген траекториясында бомба тастау эдісі. Шүйіле ұшудан Бомба тастау ұшу аппаратының шүйілу траекториясында Бомба тастау көздеу мен тастау жүргізілетін әдіс, мұнда тастаудьщ долдігі қамтамасыз етіледі.

Бомба тастау

[1]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл
  NODES