Бругиоз
Қоздырғышы-Brubia malayi (Brud 1927)-жіп тәрізді құрттар. Аналығының өлшемі 55х0,16 мм, аталығының өлшемі (22-23)х0,088 мм. туған микрофилярий өлшемі (0,22-0,26) х (0,005-0;006) мм. 2 түрлі штаммалары бар: B.malayi:. B.malayi: өмірлік циклі вухерерийге ұқсайды, бругерийдің ақырғы иесі болып адам, аралық иесі масалар тұқымдасы. Ақырғы субпериодтық штамма жабайы және үй жануарлары мысық, ит, маймылдардың кейбір түрлері болуы мүмкін. Маса ағзасында личинкалардың дамуы инвазивті кезеңінде 8-9 күн болады. Жетілген гельминттер ақырғы иесінде лимфа жүйесінде бірнеше жылға дейін сақталады, олар қан тамырларында 2-2,5 айдай жүреді.
Эпидемиология.
өңдеуБругиоз-перкутантты трансмиссивті биогелминтоз. Периодты бругиоз-трансмиссивті жүғу жолы масалардың шағуынан жұғады. Суперпериодты бругиоз-трансмиссивті зооноз, табиғи ошақтық инвазия. Қоздырғыш көзі болып инвазирленген жабайы және үй жануарлары мысық, ит, маймыл және сонымен қатар адам. Бругиоз тек Азия, Индия, Қытай, Корея, Вьетнам, Филиппин, Малайзия, Тайланд, Индонезия және де Сезам аралының батыс бөлігінде таралған.
Патогенез.
өңдеуБругиоздың патогенетикалық құрылымына адам ағзасының сенсибилизденген және токсикалық әсер ететін гельминттердің тағам қорыту кезінде лимфа түйіндерімен тамырларында, лимфаоттоктың бұзылыстарында, екіншілік инфекцияның қосылуымен жүреді.
Клиникасы.
өңдеуИнкубациялық кезеңі 3-18 ай. Клиникасында аурудың 3 фазасын ажыратамыз.
Бірінші
өңдеуБастапқы кезеңінде аллергиялық реакциялар симптомды көрініс береді; қызба, теріде бөртпелердің шығуы, локальды ісік, әртүрлі ағзалардың эозинофильді инфильтраты, сонымен қатар өкпеде қанның эозинофилиясы мен гиперэозинофилия, фунифаденит және лимфаденит болуы мүмкін. Фуникулит, орхит, эпидимитит дамиды, ал әйелдерде мастит болды.
Екінші кезең
өңдеуЖұққаннан кейін 2-7 жылдан соң дамиды, Бұл кезеңдегі ең бір маңызды симптом қан тамырларының варикозды кеңеюі, көбінесе беткей және терең жатқан лимфа тамырлары. Олардың бүйректе және зәр жолдарындағы жарылуы-хилурия және гематохилурия, ішектерде-хилизді диарея, ішастар-хилезді асцитке және перитонитке, умада-хилецил дамуына әкеледі. Бұл кезде лимфа тамырлары мен тері асты қабатының варикозды ісініп, қабынады және де лимфа түйіндерінің үлкеюі байқалады. Паразиттер маңайында абсцесстер дамиды: тері асты қабаты, бұлшық ет, жыныс мүшелері, буындардың ішінде, плевра, құрсақ ішінде болады. Ал осы абсцесстерді жарса плевра эмпиемасы, іріңді перитонит және артритке әкелуі мүмкін.
Үшінші кезең
өңдеуОсы кезеңде де-аяқ-қолдары зақымданады. Аяқтары сүйелденіп, қатпарланып, бір қарағанда пілдің аяғына ұқсайды.
Диагностика.
өңдеуАурудың әртүрлі кезеңінде диагнозы клиникалық картинасына және эпидемиологиялық көріністеріне байланыстыра сүйеніп қояды. Диагностикасында ақырғы мәлімет перифериялық қанда микрофилярий табу әдісі. Үлкен тамшы әдісін қаннан жағынды жасау арқылы жасайды. Паразиттердің құрылым бөлшектерін жақсырақ көру үшін Романовский-Гимзе немесе гематоксилинмен бояйды.
Емі
өңдеуЖоғары әсер көрсететін ретінде ивермектин, мектизан жатады. Курсқа 30-40 мг/кг цитрат (немесе 15-20 мг/кг).
Алдын алу.
өңдеуАуру науқастарды табу іс-шарасы тасымалдаушылармен күрес. Күнделікті міндетті түрде өз қалына қарап, қадағалап, жылына 1 рет міндетті түрде ивермектин 100мкг/кг қолдану.