Бурж әл-Араб (араб.: برج العرب‎, Араб мұнарасы) — Біріккен Араб Әмірлігінің ең үлкен қаласы Дубайдағы керемет қонақ үй. 321 метрлік мұнара Джумейра жағалауынан 280 м арақашықтықта көпірмен байланысқан жасанды аралда орналасқан. Ғимараттың пішіні қайық желкеніне ұқсайды. Бурж әл-Арабты кейде «әлемдегі жалғыз Жеті жұлдызды қонақ үй» деп те атайды.

Бурж әл-Араб
برج العرب
Жалпы мәлімет
Статусы

Құрылысы аяқталған

Сәулет стилі

Постмодерн

Қолданылуы

қонақ үй

Орналасуы

Дубай, БАӘ

Құрылысы басталды

1994

Құрылысы аяқталды

1999

Ашылған уақыты

Желтоқсан 1999

Құрылыс құны

$650 миллион[1]

Биіктігі

321.0 м[2]

Техникалық сипаттамасы
Қабаттар саны

60[2]

Лифтілер

18[2]

Дизайны мен құрылымы
Сәулетшісі

Том Райт

Соғушы

Jumeirah

Басқа да мағлұматтар
Бөлмелер саны

202[2]

Картада орналасуы
Бурж әл-Араб (Біріккен Араб Әмірліктері)
Бурж әл-Араб
burj-al-arab.com

Координаттар: 25°08′28″ с. е. 55°11′08″ ш. б. / 25.14111° с. е. 55.18556° ш. б. / 25.14111; 55.18556 (G) (O) (Я)

Жобасы мен құрылысы

өңдеу

Бурж әл-Арабты сәулетші Том Райт жобалады. Жобалау мен құрылыс жұмыстарын канадалық инженер Григория Рик басқарды. Арал құрылысы 1994 ж басталды. Ғимарат араб қайығы доудың желкеніне ұқсас түрде соғылды. Екі "қанат" V пішіндес матчта арқылы жабылды, ал оның ішінен үлкен атриум пайда болды.

Жобаның сәулетшісі мен инженер кеңесшісі Аткинс компаниясынан болды. Құрылыс алдындағы жұмыс пен құрылыс кезіндегі жұмысты бірге атқарған бас серіктес Жаңа Зеландиялық Fletcher Construction кәсіпорны болды.[3] Қонақ үй құрылысын Оңтүстік Африкалық мердігер компания Murray & Roberts және Al Habtoor Engineering жүргізді.[4]

Ғимарат 1999 жылы желтоқсанда ашылды.

Қонақ үйдің ерекшеліктері

өңдеу
Сурет:Burj al Arab lobby March 2008panob.jpg
Вестибюль

Қонақ үйдің кейбір ерекшеліктері күрделі батыл инженерлік шешімдердің табуы. Қонақ үй жағалаудан 280 метр қашықтықта жасанды аралда орналасты. Іргесі мықты болу үшін тереңдігі қырық метр құрайтын 230 қада құмға қағылды.[5]

Инженерлер арнайы эрозиядан қорғайтын төртбұрышты араның ұясына ұқсас тастар ойлап тапты. Олар болашақ аралдың іргесі болды. Жасанды аралды жасау үшін үш жыл кетті. Қонақ үй құрылысына да осындай уақыт кетті. Ғимараттағы бетонның көлемі 70,000 м³, болаттың салмағы 9 000 тонна құрады.[5]

Ғимарат ішіндегі атриум биікітігі 180 метрге дейін жетті.

Бурж әл-Араб биіктігі жағынан әлемде төртінші орын алады. Тағы бір Дубайда орналасқан Раушан қонақ үйі Бурж әл-Арабтан 11 м биік.

Апартаменттері мен номерлері

өңдеу

Қонақ үйді Jumeirah Group басқарады. Өзінің көлеміне қарамастан Бурж әл-Арабта тек 202 қонақ үй номерлері бар. Ең кіші бөлме ауданы 169 м², ал үлкені 780 м² ауданды алып жатыр. Бөлмелер қарама қарсы шығыс пен батыста орналасқан. Барлық бөлмелерде теңізге көрініс ашатын үлкен терезелері болды.[6]

Патша бөлмесіндегі бір күндік түнеудің бағасы 18,716 долларды құрап отыр. 2012 жылғы CNN Go-дің жасаған сарабы бойынша Әлемдегі қонақ үй номерлері ең қымбат 15 мейманхананың 12 орнын алды.[7]

Мейрамханалар

өңдеу
 
Әл-Мунтаха
 
Әл-Махара

Әл-Мунтаха (арабша "ең биік") Парсы шығанағынан Дубайға тамаша көрініс ашылатын 200 метр биіктікте орналасқан мейрамхана. Ол консольды арқалық арқылы ғимараттан 27 метрге дейін шығып тұрады. Оған панорамды лифт арқылы көтерілуге болады.

Сүңгуір қайық секілді кемемен тағы Әл-Махара (устрица) мейрамханасына жетуге болады. Мұнда 990,000 л теңіз суын сыйдыра алатын аквариум бар. Судың қысымын ұстап тұру үшін бакты акрилді әйнектен жасаған. Оның қалыңдығы 18 см.

Рейтингі

өңдеу

Мейманхана Бес Жұлдызды Делюкс ретінде ресми түрде мойындалады. Бірақ та кейде оны "әлемдегі жалғыз Жеті Жұлдызды қонақ үй" ретінде сипаттайды. Қонақ үй басшылығы мұндай титулды өзіміз ешқашан шығарған жоқпыз дейді. Jumeirah тобының ойы бойынша алдын-ала ашылу рәсіміне қатысқан британдық журналист осы атақты қойды деп ойлайды. Ол өзінің Бурж әл-Араб мақаласында "Жоғарыда айтып өткендей мен мұндай қонақ үйді көрген емеспін және бұл Жеті Жұлдызды қонақ үй деп аталады" деп сипаттаған.[8]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Burj Al Arab. Encyclopedia of Things. Glasssteelandstone (3 қаңтар 2011). Тексерілді, 3 қаңтар 2011.
  2. a b c d Burj Al Arab Hotel - The Skyscraper Center. Council on Tall Buildings and Urban Habitat.
  3. Dubai Chicago Beach Hotel - Fletcher Construction Company.
  4. Murray & Roberts, Murray & Roberts (21 маусым 2006). Тексерілді 24 қаңтардың 2007.
  5. a b Burj Al Arab, EgyptEng.com engineering directory. Тексерілді 24 қаңтардың 2007.
  6. Damluji, Salma Samar, The Architecture of the U.A.E.. Reading, UK: 2006.
  7. Arnold, Helen "World's 15 most expensive hotel suites" CNN Go. 25 March 2012. Retrieved 2012-04-11
  8. Hotel star ratings standards long overdue (14 шілде 2009). Тексерілді 10 желтоқсанның 2010.

Әдебиеттер

өңдеу

Сыртқы сілтемелер

өңдеу
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Burj Al Arab
  NODES