Вассалдық - лат. [ vassallus - вассал, vassus - қызметші, малай] - орта ғасырдағы Батыр Еуропа елдеріндегі кіші феодалдардың ірі феодалдарға тәуелділігі. Вассал алғаш рет VIII-IX ғасырларда Франк мемлекетінде пайда болып, корольдер мен ірі феодалдар әскери қызметкерлерге істеген қызметі үшін жер, мүлік, т.б. пайда табу көздерін берді. Алғашында олар өмір бойы берілді, кейіннен мұраға қалдырыла бастады. Вассалдың негізгі міндеттері: сеньорға әскери қызмет көрсету, сеньорды» сотына және кеңесіне қатысу, керек жағдайда оның маңынан табылу және т.б. болды. Бұған қоса ол егер сеньоры тұтқынға түсіп қалса күн төлеп, сатып алуға, егер басқа феодалға қызмет етуге ауысса рельеф төлеуге міндетті болды. Сеньор өз кезегінде жер берумен қоса, өз вассалы мен оның дүние-мүлкін қорғауға міндеттеледі. Бүл міндеттердің біреуінің орындалмауы көп жағдайда екі арада соғыстың тұтануына себепші болды. ірі феодалдар өз кезегінде жоғарғы билеушілерге вассал болып табылады. Сөйтіп корольден кіші феодалдарға дейінгі кезенді қамтитын билік сатысы келіп шықты. Кейіннен бір орталықтан басқарылатын мемлекеттердің нығаюына байланысты феодалдық жасақтарды жалдамалы жасақтар ығыстырып шығарды да, вассалдық жойылды. Вассалдықтың дамыған жері Батыр Еуропа болды. Шығыс елдерінде, әсіресе, Түрік қағанаты, Қытай империялары, Шыңғыс хан мемлекетінде ел басқарудың осыған ұқсас үлгілері кездесті. Басқа мемлекетке вассалдық тәуелділікте болған мемлекетті - вассал мемлекет деп атайды. Мұндай жағдайда бағынышты елдің билеушісі өз зереніне "адалдық" жөнінде ант беріп отыруға, әскери кәмек беруге және белгілі бір сомада төлем төлеуге міндетті болды. Вассал мемлекетке өз ақшасын шығаруға, басқа мемлекеттермен дипломатиялық, одақтастық шарттар жасауға тыйым салынды. Бүл істерді оның орнына сюзерен мемлекет атқарды. Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты вассал мемлекеттер де жойылды. Кейіннен биліктің осы формасын отарлаушы мемлекеттер өз отарларына қолданды. Қараңыз: Отарлау.[1]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3


  NODES