Вилла (лат. villa - мекенжай, қоныс) — қала сыртында арнайы салынатын бау-бақшалы үй.

Тосканадағы вилла

Алғашқы Виллалар б.з.б. 3 ғ-да Италияда пайда болды. Б.з.б. 2-1 ғ-ларда бүкіл Жерорта теңізі бойына тарады. Ол кездегі Виллалар тұрғын үй және шаруа жайдан тұратын архит. кешеннен құралады. Кейін Виллалардың төңірегі қоршалатын болды. Вилланың мұндай байырғы түрлерімен қатар, мүсін, ескерткіштермен, хауыздармен безендірілген, террасалы, саябағы мен павильондары бар түрлері салынды. 15 - 17 ғасырларда Вилла салу Италияда кең қанат жайды. Қайта өркендеу дәуірінде ортасында казиносы бар Вилла салу үрдіске айналды. 19 ғ-да қала сыртынан, сондай-ақ, демалыс орындарынаң салынған саябағы бар жайлы үйлерді Вилла деп атау қалыптасты. Қазір қала сыртындағы жеке меншік тұрмысқа қолайлы үйлердің барлығын да Вилла деп жүр.[1]

Дереккөздер

өңдеу
  1. “Қазақ Энциклопедиясы”, 2 том
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Villas
  NODES