Гейнсборо

өңдеу
 

Гейнсборо (Gaіnsborough)Томас (14.5.1727, Канада, Садбери, — 2.8.1788, Лондон) — ағылшын суретшісі. 18 ғ-дағы ағылшын портрет өнерінің ірі өкілдерінің бірі. 1740 жылдан Лондонда француз суретшісі Ю. Гравлодан оқыған. Кейіннен Садбериде, 1750 жылдары Ипсуичте, 1759 жылдан Батеде, 1774 жылдан Лондонда жұмыс істеді. ГЕЙНЕ шығарм. жолын алғашында табиғат көріністерін салудан бастады (“Корнард орманы”, 1748, Ұлттық галерея, Лондон). Әйгілі “Көгілдір бала” (1770 ж.ш., Хантингтон галереясы, Сан-Марино), “Гердита” (1781, Лондон), т.б. портреттері адамның ішкі сезімдерін нәзік жеткізуімен ерекшеленеді. Г-ның жұп портреттерінде (Р. Эндрюстың жұбайы екеуінің портреті, 1749 ж.ш., Тейт галереясы, Лондон; “Суретшінің қыздары”, 1759 ж.ш., “Таңертеңгі серуен”, 1785, Ұлттық галерея, Лондон) жақын, бауырлас кісілердің бір-біріне деген ыстық ықыласы бейнеленген. ГЕЙНЕ , сондай-ақ романтикалық сазда салынған, ауыл тұрмысын бейнелейтін “Базарға бара жатқан пәуеске” (1786, Тейт галереясы, Лондон) атты нәзік түстердің үйлесімділігімен ерекшеленген картинаның авторы.

Дереккөздер

өңдеу

“Қазақ Энциклопедиясы”, 2-том


  NODES