Гександар. Метанның С6Н14 гомологиялық тізбегіне қарасты алкан; бес изомері белгілі, олар - w-гексан, 2-метилпентан, 3-метилпентан, 2,3-диметилбутан және 2,2-диметилбутан; қайнау температурасы 68,95-49,50°С аралығында, тығыздығы 0,6603-0,6492 г/см3, мұнай құрамындағы мөлшері 1%-дан 0,06 %-ға дейін, алайда мұнайдың бензин фракциясы құрамының 10 %-дайын құрайды. Жер қойнауларына қарай тереңдеген сайын және мұнайды кіріктіретін түзілімдер көнелігі артқан сайын сол мұнай құрамындағы гександар мөлшері де арта түседі.[1]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0
  NODES
os 1