Генрик Ибсен
Генрик Юхан Ибсен (норв. Henrik Johan Ibsen; 20 наурыз 1828 жыл, Шиен, Норвегия – 23 мамыр 1906 жыл, Осло, Норвегия) — норвег драматургы, ақын, жазушы және публицист.
Генрик Ибсен | |
норв. Henrik Ibsen | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері |
Шиен, Норвегия |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | |
Азаматтығы | |
Ұлты | |
Мансабы |
Драматург, Ақын, Жазушы, Публицист |
Шығармашылық жылдары | |
Бағыты |
Натурализм |
Жанры |
Драма, Поэзия |
Шығармалардың тілі | |
Қолтаңбасы | |
Ортаққордағы санаты: Генрик Ибсен |
Алғашқы драмасы – “Катилина” (1950). Мұнда Ибсен Еуропадағы 1848 жылғы халық қозғалыстары кезінде болған оқиғаларды көрсетті. 1850 жылы “Қаһарман қорған” атты бір актілі лирикалық драмасы сахнада қойылған. 1852 – 57 жылдары Берген қаласында елдегі тұңғыш ұлт театрын, 1857 – 62 жылдары Кристиансанндағы норвег театрын басқарды. Оның осы кезде жазған және сахнаға қойылған пьесаларының ішінде “Эстроттен шыққан Фру Ингер” (1855 – 57) тарихи драмасы мен “Сульхаугедегі той” (1856) лирикалық драмасының орны өзгеше. Ибсен 1864 жылы Италияға қоныстанды. Онда “Бранд” (1866), “Пер Гюнт” (1867) драммалық поэмаларын аяқтады.
Саяси және тарихи-философиялық өлеңдер, “Кесарь мен галилеяндық” (1873), “Қуыршақ үй” (1879), “Құрылысшы Сольнес” (1892), т.б. драмалар жазды. Ибсен драматургиясы – 19 ғасырдың 70 – 80-жылдардағы Батыс Еуропа әдебиетінің биік шыңдарының бірі. Ол өзінен кейінгі драматургия мен театр өнерінің дамуына үлкен ықпал жасады. Б.Шоу, Г.Гауптман, т.б. драматургтер Ибсен тәжірибесінен үйренді. Ибсеннің “Қуыршақ үй”, “Елестер”, т.б. пьесаларын А.Тоқпанов, Қ.Ысқақов, т.б. қазақ тіліне аударған. Ибсеннің бірнеше шығармалары республика театрларының сахналарында қойылған.[1]
Дереккөздер
өңдеу- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Henrik Ibsen |