Түсіп қалған (жылжымылы) дауыстылар - морфемада тек каңа белгілі фонетикалық позицияда кездесетін дауыстылар (қаз. мұрын - мұрнын).
Екпінсіз дауыстылар - екпін түспейтін дауыстылар. Екпін дауыстылармен салыстырғанда екпінсіз дауыстылар сөйлеу органдарының аз күшімен және артикуляциясымен айталады.
Тексере алмайтын екпінсіз дауыстылар - жазуын тексере алмайтын түбір дауыстылар (орыс. ветчина, каблук, кавычки, т.б.).
Тексере алатын екпінсіз дауыстылар - жазуын тексере алатын дауыстылар. Тексеру үшін туыстас сез табу немесе тексеретін дауыс дыбысты екпін буында болу үшін осы сөзді өзгерту керек (орыс. голова - голову, голов; подписать - подписъ, т.б.).
Қысаң дауыстылар - тіл жоғары жағдайда пайда болатын дауыстылар (қаз. [ы], [ү], [ү]).
Қатаң дауыстылар - унсіз дауыстылар. Мысалы, қатаң дауыссыз дыбыстардың арасында болатын дауыстың қатты редукциясында немесе екпінсіз жағдайда дауыс көрші қатаң дауыссыз дыбыстармен ассимиляциясында (орыс тіліндегі топот деген сөзде дауысты дыбыс).
Қос дауыстылар - морфемалардың шегінде екі дауыстылардың кездесуінен жасалатын ұзак дауыстылар (қаз. жуу).
Диффуздық дауыстылар (nam. diffusio - mapamy)- екі жақты универсалды қасиетті компакты дауыстыларға сәйкес келеді, д.д. спектрдің орталық бөлігі бос болады (орыс. и [i], у [и]).
Созылыңқы дауыстылар - басқа даустылармен салыстырғанда, ұзақтау дауыстылар (ағыл. [і:]).
Тіл арты дауыстылар - тіл барыншы артқа жылжиғанда жасалатын дауыстылар (қаз. [o], [у], [ы], [ұ]).
Дауысты дыбыстар - үн қатысуымен және ауаның ауыз қуысынан еркін өтеуінен жасалатын дыбыстар. Дауысты дыбыстардың жасауында ешқандай сөйлесу органда бұлшык ет ширығуы жоқ, ал ерін, тілдің мен таңдайдың ерекше ролі бар. Дауыстылар - буын жасаушы элементтер. Осы белгісінің бәрі әрқашанғы емес: кейде дауысты дыбыстардың және кейбір мұрын жолды ұнді дыбыстардың артикуляциялык және акустикалық өзгешелігі жоқ. Бұдан басқа, буын жасайтын элементтер тек қана дауыстылар емес, дауыссыздар да болады.
Йорит дауыстылар - алдында [j] деген дыбыс бар дауыстылар (қаз. е [j + э], ё [j + o], ю [j + y], я [j + a]).
Қысқа дауыстылар - ұзақ емес дауыстылар (ағыл. [і]).
Лабиялды дауыстылар - айтылуда еріннің алға карай дөңгелене сүйірленуі аркылы жа- салатын дауыстылар (қаз. [у], [ұ], [о], [ө]).
Мұрын жолды үнділер - артикуляция кезеңде көрші назал дыбыстың коартикуляциялы ык- палынан жұмсак таңдай төмен түсіргенде жасалатын дауыстылар (орыс нос деген сөзінде [о] ) дыбыс).
Назал дауыстылар - мұрын жолды дауыстылар, мұрын қуысының қатысуымен жұмсақ таңдайдың түсуі, ауаның мұрын куысы аркылы еркін өтуі жасалады (қаз. [м], [н]).
Қуатты дауыстылар - артикуляция өте күшті болатын дауыстылар.
Езулік дауыстылар - ерін дөңгеленбей, созылмай айтылатын дауыстылар (қаз. [a], [ы], [и], [э], [*])
Буынсыз дауыстылар - буын жасамайтын дауыстылар.
Астыңғы көтеріңкі дауыстылар- тіл ең төмен жағдайда пайда болатын дауыстылар (қаз. [a], [э]).
Әлсіз дауыстылар - артикуляциядағы күш аз болатын дауыстылар.
Ашық дауыстылар - ауыз кең ашык болғанда жасалатын

дауыстылар (қаз. [o], [a], [э], [ө], [ә])

Тіл алды дауыстылар - тілдің таңдайдың алғы шеніне жуықтан келіп айтылуынан пайда болатын дауыстылар (қаз. [a], [e], [i], [ө], [ү]).
Редукциялаған дауыстылар- кұші мен сапасын жоғалтқан дауысты дыбыстардың көмескіленуі.
Жартылай ашық дауыстылар- тілдің ауыз қуысында орташа қалыпқа ие болуынан жасалатын дауыстылар (қаз. [ө], [о]).
Тіл орта дауыстылар - тілдің ауыз қуысында созылғанынан жасалатын дауыстылар(қаз. [ы], [а]).
ОРТА ДАУЫСТЫЛАР - ауыз кең емес те тар емес те ашық болғанда жасалатын дауыстылар (қаз. [е], [о]).
Қысаң дауыстылар - кең дауыстылармен салыстырғанда ауыз тарырақ ашқанда жасалатын дауыстылар (қаз. [ы], [u], [у], [ү], [ұ]).
Умалаутталған дауыстылар- көрші морфеманың ықталымен алдыңғы дауыстының кейінгісімен кезектесуінің нәтижесінде пайда болатын дауыстылар.
Кең дауыстылар - ауыз кең ашык болғанда жасалатын дауыстылар (қаз. [а]).
Локалданбаған дауысты - дауыстының дыбысталуы кезінде тілдің ауыз қуысында козғалуы байқалмайды, сондықтан ол соңғы қатардан қалыптасуына байланысты локальданбайды, ол дауысты негізінен соңгы қатар дауыстылары қатарына жатқызылады (орыс тіліндегі [a] жеке қалыпта және қатаң дауыссыздың алдында).
Белгісіз дауысты дыбыс - ерекше қыска дауысты, тереңдетілмеген, екі жақты баска дауыстылармен қарсы қатынаска түспейтін, бейтарап дауысты.
Екпінді дауысты - бір фономорфологиялық бірліктің құрамындағы екпін түспеген дауысты дыбыстармен салыстырғанда күштілігімен, көтеріңкілігімен ерекшеленетін дауысты.[1]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Лингвистика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. ISBN 9965-08-235-9


  NODES
os 1