Дағдырыс [кризис] - мәселенің асқынып, ушығып, басқа мәселелерді кері ысырып, алдыңғы орынға шығатындай деңгейге көтерілу дәрежесі. Ал оның жағымсыз (ұнамсыз) салдарының орнын толтыру оңайға түспейді. Мысалы, саяси, экономикалық, экологиялық және т.б. дағдарыстар.

Экологиялық Дағдарыс


"Дағдарыс" ұғымы қандай да болмасын құбылыстың деградацияға ұшырап өмір сүруі мен қызмет етуі мүмкін емес болатын ерекше күйін сипаттайды. Соңымен, "дағдарыс" ұғымы құбылыстың ішкі ерекшеліктерін бейнелейді: оның табиғи қызмет етуге және эволюцияға қабілетсіздігі, онда өзінің сапаларын, қасиеттерін сақтау мен өсіруге және өзінің негізгі мәнді сипаттамаларын сақтай отырып дамудың мейлінше жоғары сатысына көтерілу мүмкіндіктерінің болмауы. Әрине, дағдарыстың келтіріліп отырған түсіндірмесі тым жалпы бірақ шынайы өмірде кез келген құбылыс белгілі бір кезенде өзінің қайта құрылуы мен қирауы, жоғалуына бастайтын дағдарыстық сатыға өтеді. Сондықтан дағдарыстан шығу жолы құбылыстың сапалы жаңаруында жатыр.[1]


Дағдарыстық және қақтығыстық саяси жағдайлардағы әрекеттер жүйесі

өңдеу

Саяси қатынастар субъектілерінің жоғары әлеумет-саяси белсенділігі және осымен байланысты әлеуметтік практиканың ситуативтілігі мен субъективтілігі мақсатты ойластырылған саяси шешімдер мен акцияларды талап етеді.Осындағы ескеретін жайт, дағдарыс жағдайында қабылданған және жүзеге аскдн кате шешімдер саяси қатынастар субъектілері үшін өте қымбаткд түседі, себебі олар дағдарысты одан ары тереңцетіп, қақтығысты шиеленістіре түседі. Бірақ, қатесіз шешімдер табу өте қиын. Біріншіден, жағдайдың қозғалмалығынан, объективті ахуалдың тез өзгергіштігінен; екіншіден, элитарлық саяси топтардың әлсіздігі, тәжірибелерінің жеткіліксіздігі салдарынан туындайтын саяси мәдениеттің төмендігінен. Қақтығысқа қатысушылар бір-біріне өркениетті түрғыдағы оппоненттікке бейім емес, дағдарыстан шығу жолдарын жемісті іздестіруге, конфронтаңияны төмендету мен сөндіруге қабілетсіз; үшіншіден, саяси түрғьща дайьш емес халық бүқарасының әлеуметтік практикалык процеске тартылуы нөтижесінде, олардың өз санымен белсенді, мақсатты әрекет етуші саяси элитаны басып тастау қабілеттілігі яғни "тобырдың мазмүнсыз көтерілісі" деп А.С. Пушкин айтып кеткендей, өркениетті мәні жоқ әлеуметтік «стихияның» үстемдік етуі мүмкін.
Қоғамымыздың өткендегі және қазіргі таңдағы саяси тәжірибесі біздің көзімізді қарастырылып отырған қауіптің ақиқаттығына жеткізеді. Сондықтан қоғамды дағдарыстан алып шығатын әрекеттер жүйесі мен өркениетті конфронтацияны даярлау демократиялық саяси мәдениеттің принциптеріне, методтарына, ұйымдастырьшуы мен құралдарына негізделуі керек. Осы түрғыда демократия, баламасыз саяси құндылық болып саналады. Ол саяси қатынас субъектілерінің ашық әрі кең және әлеуметтік тиімді бәсекелестігін қамтамасыз етеді. Осының көмегімен саяси өмір үздіксіз қызмет етеді, дамиды, саяси оппозиция қажетті конструктивтік рөлді атқарады.
Демократиялық қоғамда барлық саяси күштер әлеуметтік-саяси жағдайды жан-жақты және үздіксіз зерттеуге және оны реттеу мүмкіншіліктеріне ие болады. Ең соңында саясатты тек ғылым ретінде емес сонымен қатар өнер ретінде игерген жоғары икемділікті шеберлік пен қабілеттілік танытатын саяси күштер саясат ойынына қатысады. Дағдарыс жағдайынан шығу және саяси қақгығысты шешу үшін, ең алдымен, пісіп-жетілғен дағдарыстың мәнін, оның көріну және таралу сфераларын, саяси қақтығыстың ерекшеліктерін анықгап алу керек; қақтығысушы күштердің әлеуметтік базасын, олардың ыкцал ету дәрежесін, олардың мемлекеттік билікпен кдтынасы мен байланысын, саяси жетілу деңгейін, саяси ықпал ету арсеналын, күштерін,еріктік көңіл-күйін және т.б. айқындап алу қажет.
Қоғамда көпжоспарлы саяси зондажға жағдай жасалуы қажет. Бұл қоғамдық өмірдің негізгі мәселелері жөнінде ашьгқ пікірталастар, саяси партиялар мен қозғалыстар арасындағы сұхбаттардың бағдарламаларын, мақсаттарын салыстыру, саяси әрекеттің әдістерін, арсеналын бағалау нәтижесінде барлық саяси күштер конституция шеңберінен шықпай билік қүрылымдарына эсер ете алуға және заңды шешімдердің негізінде өз бағдарламалары мен мақсаттарын жүзеге асыруға қол жеткізу мүмкіндігіне ие болу қажет. Алайда, қақтығыс логикасьшың өзі сондай, қақтығысушы күштер өз мүдделерін үстем етуге ұмтылады және конституциямен санаспай бұл үстемдікті баянды етуде күш қолдануды ең тиімді жол деп есептейді. Бірақ қоғамда күшпен мәжбүрлеу функциясына (Конституцияда көрсетілгендей) мемлекеттік биліктің ғана қүқығы бар басқа саяси құрылымдар бұлай істей алмайды. Сол себептен, мемлекеттік емес құрылымдардың күш қолдануы қоғамдық өмірге деструкгивті элементті ендіреді, қақтығысты шиеленістіре түседі.
Дамудың белгілі бір кезеңінде қақтығысушы жақтар өздерінің күштік қүрылымдарын қалыптастыруға, өздерінің әскерилендірілген отрядтарын құруға, армияның, қауіпсіздік органдарының, милицияның және т.б. қолдауына жетуге және оларды өз мүдделеріне пайдалануға ұмтылады. Әрине, осындай жолдар арқылы "жеңіске" жетуге болады, бірақ бұл жеңістің салдары өте ауыр болады.
Конституцияның бұзылуы жай, біруақыттық әрекет болып калмауы керек. Ол құқықтық және саяси тұрғыдан алып қарағанда заңсыздық пен зорлық процестерінің басы болуы мүмкін. Сондықтан демократиялық қоғамда Конституция мемлекеттік билік пен азаматтар арқылы қорғалына- тын жоғары қүқықтық және саяси қүндылық болып табылады. бұл жағдайда ізгі мақсаттар немесе саяси мақсаттылық деп аталынатын ақтау бола алмайды. Өйткені ізгі мақсаттар тығырыққа апаратын жол, ал саяси мақсаттылық даму мүмкіндігі жоқ ситуативті тәсіл.
Саяси қатынастар субъектілері өз мүдделерінің үстемдігі принципі мен оларды жүзеге асыруға ұмтылудан бас тарта алмайды. Сондықтан, осы жерде оларды жүзеге асыруға қалай және қандай жолмен, қандай методтар мен құралдар арқылы жетуге болады деген әлеуметтік-саяси проблема- лар туындайды.
Қақтығысушы тараптар конституция шеңберінде өз мүдделерімен санасуға мәжбүрлейтін мүмкіншіліктері бар. Бұл — мемлекеттік билікке заңды түрде эр түрлі қысым жасау өрекеті (дауыс беру құқықтарын сайлауларда, референдумдарда, манифестацияларда, ереуілдерде және т.б. пайда- лану), қоғамдық пікірді мақсатты түрде калыптастыру және саяси жағдайларды өз пайдасына орай өзгерту (қүқықты өздерінің идеяларын үйымдастыруға, таратуға, олардьщ мәдениет жүйесінде занды болуына пайдалану; қоғамдық жақтастықпен қолдауды жаулап алу; электоратты ұлғайту). Әрине бұл күрделі саяси қызмет бірде көтеріліп не қүлдырап, бірде жеңіп не жеңіліп отырады. Дегенмен, бұл — саяси проблемаларды шешудің бірден-бір өркениетті жолы. Қарастырылып отырған аталмыш жол адамзат қауымы үшін табиғи эволюция жолымен жылжуға мүмкіндік беретін шынайы саяси мәдениетті қалыптастырады. Осының нәтижесінде адамдардың өмірінен жаулық пен өшпенділік, қиратушы конфронтация, мемлекетаралық, этникааралық,азамат соғыстары жоғалады. Алайда адамзаттың саяси өркениеттілігінің бұл жолы қиын жолмен келеді.
Қалыптасып келе жатқан саяси мәдениет өзінің мазмұны мен гуманистік мақсаты тұрғысынан консенсустың, мүдделерді өзара ескеру мен түйістірудің, келісімге, бітімгершілікке қол жеткізудің, қатынастарды үйлестірудің мәдениеті. Осы ретте консенсус кең үғым болғанымен оның жүзеге асуы өте қиын. Ең алдымен, ескеретін жайт, адамзатқа қазіргі кезде саяси өзара қатынастардың негізгі принципі ретінде және саяси мәдениеттің қалыптасуы мен дамуының өзегі ретінде консенсус өте қажет. Егер де адамзаттың ғылыми-технологиялық күшінің өсуі жағдайындағы адамның қоршаған табиғи ортамен өзара байланысын ғаламдық түрғьща қарастырсақ, онда біріншіден, ғаламдық ядролық қауіп төніп тұрған жағдайдағы жаулық пен өшпенділік адамзаттың өзін-өзі құртып жіберуіне алып келуі мүмкін. Сондықган, мемлекетаралық қатынастарды реттеудің қолданыста бар жүйесін (БҰҰ, экономикалық, саяси, мәдени ынтымақтастықтың аймақтық органдары) кең пайдалану қажет. Ал бұл өз кезегінде даулы мәселелерді келісім негізінде екі жақты мүдделерді ескере отырып шешуге мүмкіндік береді екіншіден, адамзаттың өмір сүру ареалы шектеулі (Жер планетасы — тым тұйық кеңістік) және оның ресурстары шектеулі, ал бұл адамзаттан оларды тиімді пайдалануды талап етеді. Соңғысы іске асу үшін адамзат өздерінің идеалдары, мақсаттары, негізгі құндықтарымен бірлікте болып, ішкі конфронтацияны жеңіп, қоршаған ортаға қатынасын реттейтін халықаралық қүқық пен саяси тетіктерді орнатулары қажет. Экологиядан басқа ғаламдық проблемалар да адамзаттан консенсус саясатын пайдалануды талап етеді. Консенсус адамзат өркениетінің ішкі табиғатынан келіп шығады. Осының нәтижесінде материалдық және рухани мәдениеттің жинақталуы және адамның осы мәдениеттің шьнайы субъектісі ретінде кдлыптасуы өтеді. Консенсус идеясы өркениеттің шығу кезінен бастап адамзатпен бірге келе жатыр. Мысалы, дін адамзат өркениетімен жасты, өзінің идеологиялық мәні мен бағыты бойынша өте консенсуалды. Және осында діннің мәдениетгің бөлінбес бөлшеіі екендігі жатыр.
Консенсуалды саяси мәдениет — демократиялық қоғамдағы саяси шынайылыкқа тән элемент. Екі жаққа да пайдалы негіз бен формуланы таба отырып бір-бірінің мүдделерін ескеру және оларды синтездеуге үмтылу арқылы саяси катынас субъектілерінің бірін -бірі қүқықтық және саяси тұрғыдан тануы консенсуалды тәсілдің негізі болып табылады. Консенсустағы конфронтацияны төмендетудегі және әлеуметтік шиеленісті түсіру жолындағы өзара келісушілік элементі компромисс больш табылады. Алайда, ескеретін нөрсе, саяси қатынастар субъекгілері өздерінің ішкі құрылымдары бойьшша біркелкі емес, олардың арасында экстремистік әрекеттерге бейім шеткі позицияларда болатын элементтер де болады. Соңдықган да, консенсусқа қол жекізу өте күрделі және түрақсыз процесс. Бірақ осыған карамастан, ол — саяси шынайылықтағы жаңа ахуалды калыптастыруға, карама-кайшылықгы кемітуге, саясат субъектілерін бір-біріне жақындатуға қабілетті қақтығысты шешудің өркениетті жолы. Консенсус саясаты мейлі оң, мейлі сол бағыттағы болсын экстремизм идеологияларының таралу ареалып тарылтады. Келісімдер, пікірлерді ашық алмастыру, позицияларды салыстыру, мақсаттарды, методтар мен құралдарды өзара бағалау, қақтығыстан шығудың жолдарын тынбай іздестіру консенсусқа жетудің негізгі жолдары болып табылады. Консенсус — күрес барысында өзінің позициясын жоғалтып алудан қорқып бейбітшілік пен келісімге шақырушы өлсіз саяси субъектінің формуласы емес, керісінше, өз мүдцелерінің басымдықгарын күш қолданусыз-ақ мойындатуға қабілетті күштілердің қаруы, өйткені олардың мүдделері өміршең, қажетті, табиғи жолмен жүзеге асуға қабілетті және оппонент ретінде қабылдануы мүмкін. Саясаттанудың қолданбалы саласы — конфликтология —қақгығыстарды шешудің методтарын, құралдары мен жолдарын зерттейді және қарастырады. Онда саясат күрделі әлеуметтік проблемаларды шешу үшін пайдаланатын шығармашылық процесс ретінде, өнер ретінде қызмет етеді. Алайда бұл мәселелердің барлығын айрықша түрғьща қарастыру қажет.[2]

Тағы қараныз

өңдеу

Дереккөздер

өңдеу
  1. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3
  2. Теориялық саясаттану. Оқулық. — Алматы: Издательский центр ОФППИ «Интерлигал», 2005. ISBN 9965-537-99-2


  NODES