Дегелең
Дегелең – Сарыарқаның солтүстік-шығысындағы ұсақ шоқылы тау.
Дегелең тауы | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Пайда болған кезеңі | |
Ұзындығы |
15 км |
Ені |
10 км |
Биіктігі |
1084 м |
Орналасуы | |
49°47′28″ с. е. 78°04′29″ ш. б. / 49.79111° с. е. 78.07472° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 49°47′28″ с. е. 78°04′29″ ш. б. / 49.79111° с. е. 78.07472° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Елдер | |
| |
|
Географиялық орны
өңдеуАбай облысы аумағында орналасқан. Абсолюттік биіктігі 1084 м. Дөңгелене келген тауды Ұзынбұлақ өзені екіге бөледі. Таудың солтүстік бөлігі (Үлкен Дегелең) солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 15 км-ге созылып жатыр, ені 10 км. Таудың екінші бөлігі – Кіші Дегелең қатарласа созылған, ені 5 км. Екі бөлігі де кезеңдермен (Қалыбай асуы), белдермен бөлінген үшкіл шоқылардан тұрады. Дегелең Еуразия құрлығының кіндік ортасында орналасқан. Оны білдіретін граниттен қашалған пирамида тұрғызылған. Оның кіші нұсқасы Дегелеңнен 100 км оңтүстікте жатқан Жидебай қыстауындағы Абай мұражайы алдындағы дөңгелек тасқа орнатылған.
Жер бедері
өңдеуБеткейлері сайлармен тілімденген. Тау етегі мен тауаралық аңғарларды қорымтас пен элювийлі-делювийлі ысырынды шөгінділер басып жатыр. Таудан көптеген бұлақтар басталады. Бұлақтардың қосылуынан пайда болған Ұзынбұлақ өзені шығысқа, Қарабұлақ өзені солтүстікке қарай ағады.
Геологиялық құрылымы
өңдеуТау, негізінен, төменгі және орта девонның жыныстарынан түзілген.
Өсімдігі
өңдеуТаудың қызыл қоңыр топырағы мен тау етегінің қиыршықтасты қызыл қоңыр және ашық қызыл қоңыр топырағында дегелең, бөрте жусан, қылқан селеу, бетеге, көде, тобылғы, қараған, т.б. бұталар мен әр түрлі шөптер өседі.[1]
Дереккөздер
өңдеу- ↑ Айбын. Энциклопедия. / Бас редакторы Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. ISBN 9965-893-73-Х