Деңгел , эутрема (лат. Eutrema) – орамжапырақ тұқымдасына жататын шөптесін өсімдік. Қазақстанда альпілік және субальпілік белдеулер мен қылқанжапырақты ормандарда тұтас жапырақты Д. (E. іntegrіfolіum), жалған жүрек жапырақты Деңгел (E. pseudocardіfolіum) және эдвардс Деңгелі (E. edwardsі) өседі. Олардың биіктігі 30 – 80 см, жатаған тамырлы, жалаңаш тік сабағы болады. Ұзын сағақты жапырақтары жүрек тәрізді. Ақ немесе сары түсті гүлдері сабақ ұшындағы шашақ гүлшоғырына топталған. Сәуірден шілдеге дейін гүлдейді. Мамыр – тамыз айларында жемістенеді. Жемісі – ұзынша келген бұршаққын.

Деңгел
Eutrema tenuis
Eutrema tenuis
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Қос жарнақтылар
Сабы: Brassicales
Тұқымдасы: Brassicaceae
Тегі: Eutrema
Екі-есімді атауы
Eutrema

Дереккөздер

өңдеу

[1]

  1. Қазақ энциклопедиясы


  NODES