Дуэт (итал. duetto және лат. duo — екі) — музыкалық шығарманы екі әншінің екі дауыспен қосылып айтуы немесе екі адамның бірдей екі аспапта не екі түрлі аспапта орындауы. Дуэттің әрбір партиясы өзіндік сипатқа ие. Аспаптық дуэт формасы кеңірек, вокал-қарапайым. Сондай-ақ, екі адамға арналған шығармалар және оны толық үндестікпен орындайтын екі адамдық ансамбль де дуэт деп аталады (Ансамбль). Дуэт опера, оратория, кантата жанрларында жиі кездеседі.[1]

Хендрик ТербрюггенДуэт (1628), Париж, Лувр

Дереккөздер

өңдеу
  1. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
  NODES