Дәруіш – дүниедегі істер мен қызықтардан бас тартқан, жұрттан оқшау жүретін, оңаша тұрмыс кешіретін, рухани жетілуді мақсат еткен, мәлім діни не мистикалық ағымға берілген оқшауланушы адам; ол көбінесе сопылық ағымдағыларда кездеседі. Олар кейде қайыр сұрау арқылы өздерін асырайды, бірақ байлық жинамайды, олар өздерін рухани жетілуші деп есептейді, өмір талпыныстарынан қағыс жасауға тырысады, немесе қоғамдық өмірді жек көреді. Дәруіштердің сопылық бауырластығы XIII—IX ғасырларда мұсылман әлеміне кең тараған. Қожа Ахмет Ясауи тариқаты жолын ұстанған дәруіштер түркі халықтарына исламды насихаттап, басқа елдермен рухани, мәдени байланыстар орнатуға өзіндік үлес қосты. Бірақ олардың өмірге жат көзқарастары мен мистикасы жұрт арасында түрлі жаңсақ пікірлерді де туғызуға себеп болды.[1]

Түрлері

өңдеу

Дәруіштер екі түрлі болады:

  • бірі, дорба арқалап, ел кезіп, рухани ілім таратушы сопылар;
  • екіншісі — сопылық бауырластыққа (тарикатқа) кіріп, пір (шейх) басқаратын арнаулы мекен-жайларда тұратын, бір жерде уағыз жүргізіп, сондай-ақ, өзін-өзі жетілдіріп отыратын Дәруіштер.[2] Дегенмен, қазіргі заман мағынасында, жұрттан оңашаланып, қаңғырып, өмірдің қоғамдық формасынан алшақ қалған адамдарды да, мейлі ол діни, не басқалай себеп болсын, біртұтас дәруіш, дуана, сопы деп атауы мүмкін.

Дереккөздер

өңдеу
  1. Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1
  2. Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2


  NODES