Есту жүйкесі (слуховой нерв); (nervus acusticus; лат. nervus — жүйке және acusticus — есту) — ішкі құлақ пен ми орталығын байланыстыратын, есту талдағышының (анализаторының) өткізгіш жолы. Есту жүйкесі тепе-тендік жүйке түбіршігімен бірігіп, ми жүйкелерінің VIII жұбы тепетеңдік-есту сезімтал жүйкесін түзеді. Есту жүйкесінің түбіршігі иірімді (спиральды) жүйке түйінінен, ал тепетендік жүйке түбіршігі кіреберіс (вестибулалық) жүйке түйінінен басталады. Екі түбіршік ішкі есту өзегінде бір баганға бірігіп, сопақша мидың сұрзаттық ядроларында аяқталады.[1]

Мидағы есту жүйесі

Дереккөздер

өңдеу
  1. Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9


  NODES