Жабайы аңдар – көлемдері, түсі және мекен ету ортасымен ерекшеленетін таңғажайып жануарлар. Олардың кейбіреулері хайуанаттар бағында кездескенімен, негізінде олардың тіршілік аймағы – өздерінің мекен ету ортасы.

Мекен ету ортасы

өңдеу

"Бейімделу" деп жануарлардың белгілі бір жерде, белгілі бір жолмен мекен ету мүмкіндігін айтамыз. Жануарлар денесінің көлемі, пішіні секілді физикалық тұрғыдан немесе оның денесінің қызмет ету жолына қатысты бейімделуі мүмкін. Қоршаған орта өзгерген сайын сол ортаға бейімделе алмаған жануар өліп, тек бейімделген жануарлар ғана тіршілік етеді және көбею мүмкіншілігіне ие болады. Себеебі, тек жаңа ортаға бейімделіп, тіршілігін жалғастырған жануарлардың ғана төлдері сақталады. Жануарлардың мекен ету ортасы әртүрлі факторларға тәуелді. Мұнда ауа райы маңызды орын алады.

Қоректенуі

өңдеу

Жабайы жануарлардың қоректенуі олардың түріне байланысты. Жабайы жануарлардың қорегі алуан түрлі. Қоректенетін тамағының түріне байланысты сүтқоректілерді – "өсімдікпен қоректенетіндер" және "жануарлармен қоректенетіндер" дер екі топқа бөлуге болады. Мысалы, қасқыр жемтігін үйірімен, сары сілеусіндер қорегін жалғыз аулайды. Бұл жануарлардың иіс сезу, есту және көру қабілеттері жақсы дамыған. Олардың етті сүйектен ажыратуға пайдаланатын өткір азулары мен ұсақ өткір тістері бар.

Көбеюі

өңдеу

Жабайы аңдар – экожүйенің құрамдас бөлігі. Табиғаттың стихиялық апаттары немесе адамзат әрекетінің нәтижесінде олардың жойылуы экожүйеге кері әсерін тигізеді және табиға тепе-теңдіктің өзгеруіне алып келеді. Жабайы аңдардың көпшілігі далалар мен орман-тоғайларды тіршілік етеді. Олардың мекен аймағының тарылуы көбеюіне кері әсерін тигізуде.

  NODES
os 1