Жан Бургейн (Бурген, фр. Jean Bourgain28 ақпан 1954 жылы, Остенде, Бельгияда туылды) — бельгиялық математик, Филдов сыйлығның лауреаты.

Өмірбаяны

өңдеу

Докторлық дәрежесін Брюссельдік еркін университетте 1977 жылы алып, 1981-1985 жылдары сол жерде профессор міндетін атқарды. Содан кейін Францияда, 1994 жылдан бастап АҚШ-тағы Перспективті зерттеулер институтында жұмыс істеді.

Жұмыстары математиканың банах кеңістігінің геометриясы, гармоникалық талдау, аналитикалық сандар теориясы, комбинаторика, эргодикалық теория, дифференциалдық теңдеулер, спектрлік теория сияқты математиканың түрлі бөлімдеріне арналып жасалған.

2009 жылы Швециялық патшалық ғылым академиясының шетелдік мүшесі болып сайланды.

Марапаттары

өңдеу

Марапат тізіміне кіреді:

  • Салем сыйлығы (1983)
  • Эль Картан сыйлығы (1990)
  • Математикалық анализге қосқан үлесі үшін Островский сыйы (1991)[1]
  • Филдсов сыйлығы (1994)
  • В. И. Вернадский алтын медалі (2009)
  • Математика саласындағы Шао жүлдесі (2010)[2].
  • Крафорд сыйлығы (2012), Теренсе Таумен бірлесіп жасаған жұмысы үшін.
  • Фельтринелли сыйлығы (2016).
  • Математикадағы үлкен жетістік үшін алған сый (2017).

Дереккөздер

өңдеу
  1. Ostrowski (en, de, it). Басты дереккөзінен мұрағатталған 3 шілде 2012. Тексерілді, 29 қазан 2010.
  2. Shaw Prize Press Release Мұрағатталған 4 шілденің 2010 жылы.
  NODES
os 1