Жағалау — құрлық пен теңіз (көл, өзен жөне т.б) арасындағы жер бедерінің қазіргі және ежелгі замандардағы нысандар таралған шекаралық жолақ.[1]

Жағалау

Жалпы мәліметтер

өңдеу

Ол су жиегіндегі жағалық беткейден және су асты жағалық беткейден тұрады. Жағалаудың қалыптасуының ең негізгі факторлары — толқын және толқынның жағаға ұру ағыны, сондай-ақ, арналық ағын. Теңіздің жағалық белдемінің құрлық жағындағы шекарасы — теңіз суының толысуы және теңіз дауылы кезіндегі соқпа толқын шалпылы жететін сызықпен, ал теңіз жағындағы шекарасы — изобата (толқын қозғалысы әрекетінің тоқтау шегі) сызығымен шектеледі. Өзендер мен басқадай экзогенді агенттер құрлықтан жағалық өңірге кесек және түйіршік тау жыныстарын әкелуі салдарынан жағалаулық-теңіздік тосқындар қалыптасады, ал оның геологиялық құрылысы мен жер бедері жағалаудың бағыты мен даму барысына тікелей әсер етеді. Теңіз толқындары қуатының таралуы мен тасымалдануы литосферамен әрекеттесуі нәтижесінен абразивтік және аккумуляттық жағалаулар пайда болады. Қазіргі теңіз бен мұхит жағалаулары б.з.б. 6 мың жыл бұрын, құрлықты соңғы мұз басу кезінде құрлықтардың шеткі жақтарын су басып (трансгрессия), мұхит деңгейі 90 — 100 м-ге көтерілуі нәтижесінде пайда болды. Соның әсерінен ингрессиялық жағалаулардың мұздық (фьордты, шхерлі), эрозиялық (риасты, лиманды), құрылымдық-денудациялық (далмациялық) және т.б. түрлері қалыптасқан. Абразиялық және аккумуляттық процестер ингрессиялық жағалаулардың контурын тегістеп отырады. Жағалау сипатына қазіргі тектоникалық қозғалыстар да үлкен әсер етеді. Әр түрлі табиғат факторлары атыраулық, коралдық (маржандық), мангрлық, қамысты-құрақты, т.б. Жағалауларды қалыптастырады. Қазақстанның су айдындарына эолдық (Аралдық тип) және эрозиялық жағалаулар тән.[2]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Мұнай және газ геологиясы терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған Қазақстанға еңбегі сіңген мұнайшы — геологтар Т.Н. Жұмағалиев, Б.М. Куандықов, 2000. — 328 бет.
  2. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, Мектеп, 2002.


  NODES
os 1