Желкенділер, Салтаттылар (лат. Papilionidae) — жәндіктер класының көбелектер отрядына жататын тұқымдас.

Желкенділер
Cairns Birdwing, Ornithoptera euphorion (G.R. Gray 1852)
Cairns Birdwing, Ornithoptera euphorion
(G.R. Gray 1852)
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Animalia
Жамағаты: Arthropoda
Табы: Insecta
Сабы: Қабыршақ қанаттылар
Кіші сабы: Ditrysia
Ұлы тұқымдасы: Papilionoidea
Тұқымдасы: Papilionidae
Latreille, [1802]
Үлгілік түрі
Papilio machaon
(Old World Swallowtail)
Subfamilies and genera

There are 27 genera and about 600 species:

Дүние жүзінде 550, ал ТМД жерінде 35 түрі кездеседі. Қазақстанда тіршілік ететін көбелектердің ішіндегі ең әдемісі. Жетісу (Жоңғар), Іле Алатауларында, Іле-Балқаш бассейнінде шөптесін өсімдіктер арасында жиі кездеседі. Дернәсілі суда өсіп, дамитын пайдалы жәндіктер. Қанатының Ұзындығы 90 мм келеді. Қанаттары әр түрлі түсті өрнектермен кестеленген. Ересектерінің алдыңғы аяғы жақсы дамыған, онда екі тырнақшалары бар; артқы қанатының ішкі жағы оюлы. Көбелек жұлдызқұртының басында шанышқы тәріздес бездері бар. Бұлардан өздеріне тән иіс шығады. Қуыршағы бұршақталып келген, төсеміне басымен жоғары болын бекітіледі. Жетісу өңірінде кездесетін Аполлон, Махаон, Александр деген түрлері "Қызыл кітапқа" енгізілген.[1]

Биологиялық сипаттамасы

өңдеу

Желкеншелерге ашық рең мен өзгеше қанаттары көрік беріп тұрады, шетінде ғажайып ойықтары немесе ұзын бұрымшалары желбірейді. Үлкен қанаттарын қомдаған кезде расында,керілген желкенге ұқсап кетеді. Бұл тұқымдастың ең ірі және көрікті өкілдері жер шарының қоңыржай аймақтарына бауыр басқан, алайда қуыршақтары қысқы суыққа шыдас беретін көбелектер біздің елімізде де кездеседі.

Ресейдің еуропалық бөлігінен Сібірдің оңтүстігіне дейінгі аумақта тіршілік ететін Арктикалық аполлон (Parnassius arcticus) да желкеншелерге жатады. Аполлондарды күр көзі әлсіз түсетін қарағай тоғайларынан ұшырастыра алмыз,өйткені осындағы құмды топырақта ғана жасаң(жасаңшөптер тұқымдасына жатады) жайқалып тұрады.Ол жұлдызқұрттар үшін таптырмас азық.Қатер төнгенде махаон жерге құлдилап,жауының көз алдына жеуге жарамсыздығын айғақтайтын қызыл таңбаларды тосады.Дұшпанын зәреқұтын одан сайын ұшыру үшін көбелек қанатының төменгі жағындағы үш аяғымен жантүршілерлік дыбыс шығарады.

Махаон - біздің көбелектеріміздің ішіндегі ең әдемісі. Кергенде 9 см-ге жететін оның қанаттарының бояуымен сары, қара және көк түстер керемет үйлеседі, артқы қанаты қызыл таңбамен және шағын шошақпен әдіптелген. Желкеншлердің жұлдызқұрттарының басына (бірінші кеуде буынында) шанышқы тәріздес без өсіп шығады. Жайбарақат жатқан кезде тартылып тұрса да, қауіп төнгенде ілгері қозғалып, жыртқышты өткір қолайсыз иісімен үркітіп жібереді. Махаон қиыр солтүстік аудандарды қоспағанда, Ресейдің барлық пұшпағын мекендейді. Тау бойында 3000 м биіктікте ұшып жүреді. Ит тұмсығы өтпейтін ну орман мен жайқалған шалғындар, бақтар мен саябақтар да олардың құтты қонысы. Бірақ қазір олар да көзден бұл-бұл ұшуда. Бұл көбелектердің аналықтары шатыргүл, зығыргүл, ерінгүлді, күрделігүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктерге жұмыртқа салады. Ана мейірі жұлдызқұрттар азықтан тарықпасын дегенге саяды.

Алкиной немесе Маак махаоны (Қиыр шығысты зерттеуші ресейлік ғалым Р.К.Маак құрметіне аталған) тек Амур аймағы мен Примор өлкесінде ғана кездеседі. Бұл Ресейдегі ең ірі көбелек: көк-жасыл түспен құбылған барқыт қанаттары кең жайғанда 12-15 см-ге жетеді. Ол әдемілігі жағынан тропикалық бір мысқал да кем түспейді[2]. .

Классификациясы

өңдеу

Тұқымдасқа 32 тегі и 570 түрі (2011 ж. желтоқсанында) енген, оның ішінде 4 қазба түрі.

Тұқымдаста келесі тұқым тармақтары бар:

  • Baroniinae тұқым тармағы
    • Baronia
  • Parnassiinae тұқым тармағы
    • Allancastria
    • Archon
    • Bhutanitis
    • Hypermnestra
    • Luehdorfia
    • Parnassius
    • Sericinus
  • Papilioninae тұқым тармағы
    • Atrophaneura
    • Battus
    • Chilasa
    • Cressida
    • Euryades
    • Eurytides
    • Graphium
    • Iphiclides
    • Lamproptera
    • Losaria
    • Meandrusa
    • Mimoides
    • Ornithoptera
    • Pachliopta
    • Papilio
    • Parides
    • Pharmacophagus
    • Protesilaus
    • Protographium
    • Teinopalpus
    • Trogonoptera
    • Troides

Дереккөздер

өңдеу
  1. Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3
  2. Балалардың энциклопедиясы РОСМЭН, Жәндіктер, Мәскеу Росмэн 2012

Сыртқы сілтемелер

өңдеу


  NODES
Done 1