Же , жес — Бразилияның оңт.-шығысын қоныстанған үндіс халықтарының тобы. Олардың құрамына мәдениеті мен тіл туыстығы бойынша біріккен крикати, крахо, апариэкра, апинайе, каяпо, суя, шаванте, шеренте, т.б. халықтар кіреді. Жалпы саны 49 мыңдай адам (1997). Антропол. жағынан Ж. моңғол расасының америкалық нәсіліне жатады. Пано-кариб тобындағы тілде сөйлейді; өздерінің дәстүрлі діни сенімін сақтаған. Ж-лер еур. отарлауға дейін, Амазонаның оң жағалауындағы, негізінен, тал-шілікті, бұталы саваннаны қоныстанған. Дәстүрлі кәсіптері — аңшылық пен терімшілік. Кейін келе еуропалықтардан үйреніп, егін ш-мен айналысады. Жүгері, бұршақ, асқабақ, ялес, батат, маниок егеді. Дамыған мал ш. мен қолөнері бар. Шатыры жерге дейін жететін дөңгелек және ұзынша етіп тұрғызылған күркелерде тұрады. Жеке ұлттық киімдері болмаған. Қазіргі кезде креолдарша киінеді. Дәстүрлі салт-жораларынан маска киіп билеу, ғұрыптық ойын түрлері сақталған. Әдеб.: Brazіl. Anthropologіcal perspectіves, N.Y., 1979; Большой энциклопедический словарь, СПб., 1997.

  NODES