Жиһад (араб.: الجهاد — сөзбе-сөз: ықыластану, ұмтылу) — Исламда тиянақты құрылған теологиялық концепция.[1]

Этимология

өңдеу

Жиһад сөзінің сөзге жуық мағынасы — Ислам Дінінде Аллаһ жолында тырысу, әділдікке шақыру, залымдарды зұлымдық істеуден тоқтату және әділетсіздікке қарсы күрес.[2][3][4]

Құран Кәрімде

өңдеу

Жиһад сөзі Құран Кәрімде 41 рет кездеседі.

Жиһад — мұсылман қауымының ең басты міндеттерінің бірі, исламның таралуы мен салтанат құруы жолында барлық күші мен мүмкіндігін сарқа жұмсау. Алғашқыда Жиһад сөзі мұсылман мемлекеттерінің әскери іс-қимылы деген ұғым берді. Ал бұл мұсылман еместер үшін негізгі мәнге айналып, “қасиетті соғыс” (бірсыпыра мұсылман халықтарында — ғазауат) атауын иеленді. 9 — 10 ғ-лардан бастап Жиһад атауы жаңа мазмұнмен толықтырылды: Жиһадтың жоғары формасы — Аллаға барар жолда өзіңді-өзің іштей жетілдіруді білдіретін діни Жиһад туралы, сондай-ақ, Жиһадтың төрт түрі — қылыш Жиһад, жүрек Жиһад, тіл Жиһад және қол Жиһад туралы түсінік пайда болды.

Ұлт-азаттық қозғалысы кең өріс алған кезеңде Жиһад идеялары отаршылдыққа қарсы күресті күшейте түсу үшін пайдаланылды. Қазіргі кезде ислам ғалымдары Жиһадтың қорғаныстық сипатын ерекше атап көрсетеді және исламды тарату мен орнықтыруды бейбіт жолмен жүргізуге болатындығын тұжырымдайды. Сондай-ақ, Жиһад ұғымы мұсылмандарды исламды қорғауға жұмылдыратын күш ретінде түсіндіріледі.[5]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. – 569 б. ISBN 9965-808-89-9
  2. Morgan Diane Essential Islam: a comprehensive guide to belief and practice — ABC-CLIO, 2010. — P. 26387. — ISBN 0-313-36025-1.
  3. Wendy Doniger, ed (1999). Merriam-Webster's Encyclopedia of World Religions. Merriam-Webster. ISBN 0-87779-044-2. , Jihad, p.571
  4. Josef W. Meri, ed (2005). Medieval Islamic Civilization: An Encyclopedia. Routledge. ISBN 0-415-96690-6. , Jihad, p.419
  5. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9


  NODES
os 2
web 2