Жыланкөз (лат. fіstula) – адамның ішкі қуыс органдарын өзара жалғастырып, тері арқылы сыртқа шығатын өзек жол түріндегі патологиялық ақау. Жыланкөз қалыпты жағдайда кездеспейді, сондықтан ол патологиялық құбылыстың бір белгісі болып саналады. Ж-дің іштен туа және жүре пайда болатын түрлері ажыратылады. Іштен туа пайда болатын Ж. әр түрлі аномалиялық дамудың нәтижелері ретінде (мыс., ұрықтың дұрыс жетілмеуінен) қалыптасады, ал жүре келе пайда болған Ж. түрлі жарақаттардан (оқ және пышақ жарақаты) соң немесе түрлі қабынулардан (остеомиэлит, сүйек туберкулезі, парапроктит, іріңді холецистит, панкреатит, плеврит, т. б.) кейін пайда болады. Кейбір жағдайларда Ж. уақытша ем ретінде әдейі жасалынады. Мыс., өңеш, қарын қатерлі ісігіне жасалған операциядан кейін тамақ өтпей қалғанда, қуық, өт қабы аурулары себебінен дәрет жүрмей қалғанда жасанды Ж. шығару қажеттілігі туады. Ж-ді дәрі-дәрмекпен (консервативті) емдесе өз бетімен, операциясыз жабылуы мүмкін. Ж-ді емдеу үшін, көбінесе, хирургиялық операция жасалады[1].

Жыланкөз
MeSH

D005402

Дереккөздер

өңдеу


  NODES