Заң, құқықта – кең мағынада: мемлекет белгілеген бүкіл нормативтік-құқықтық актілер, жалпыға бірдей міндетті ережелер (қара Заңнама); тар мағынада: – мемлекеттік биліктің жоғары өкілетті органы қабылдаған немесе тұрғындардың тікелей ерік білдіруі арқылы (мысалы, референдум тәртібімен) қабылданған, неғұрлым маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін нормативтік акт.

A.
Заң.

Заң Мемлекеттің құқықтық жүйесінің негізін құрайды. Мемлекеттік биліктің дербес бастауы ретінде заң ежелгі замандарда-ақ тәжірибеге еніп, әдет-ғұрып жосындарының орнын басқан. Заң күші кез келген нормативтік актінің нормаларын жоя алады. Бүкіл мемлекет органдардың актілері заңға сәйкес келуге, оның қағидалары негізінде және оны орындау бағытында шығарылуға тиіс, яғни заңға негізделген сипатта болуы шарт. заңға қарама-қайшы келетін кез келген құқықтық акт “қолданысқа жарамсыз” деп танылуға тиіс. Заңды қабылдаудың айрықша тәртібі бар (қ. Заң шығарушы органдар, Заң шығарушы билік, Заң шығару бастамасы, Парламент). Мазмұндалған нормалардың маңызына қарай заңдардар конституциялық заңдар және қарапайым заңдар болып бөлінеді. Конституциялық заңға Конституцияның өзі және Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізетін заңдар жатады. Ал қарапайым заңдарға жүйелік және ағымдағы заңдар жатады.[1]

Дереккөздер

өңдеу
  1. "Қазақ Энциклопедиясы", 4 том 3 бөлім



  NODES