Зингшпиль
Зингшпиль, (нем. sіngspіel; нем. sіngen – ән айту және нем. spіel – ойын) – комедиялық операның бір жанры.
Неміс халқының ертедегі тұрмыстық пьесалары негізінде пайда болған. Солтүстік-неміс Зингшпилі 18 ғ-да балладалық ағылшын операсының ықпалымен қалыптасты. Зингшпильдің еркін дамуы 1752 жылы (Австрияда – И.Гайднның “Ақсақ жыны”, Германияда И.Штандфустың “Бостандықтағы сайтаны”) басталды. И.А. Хиллердің Зингшпильдері көрермен ықыласына бөленді. Зингшпильдің әдеби мазмұнын дамытуда В.Гетенің ықпалы мол болды. Солтүстік-неміс Зингшпиліне қарағанда австриялық Зингшпильдің музыкалық драматургиясы дамыған және операға жақындау болды. И.Гайдн, К.Диттерсдор (“Дәрігер және дәріханашы”), В.Мюллер (“Сайтан диірмен”) және т.б. шығармаларында Зингшпиль жанры өз орнын тапты. Жанрдың шарықтауы австриялық Зингшпильдің классикалық үлгілерін жасаған В.А. Моцарттың шығармаларымен (“Серальдан алып қашу”, “Сиқырлы сыбызғы”) байланысты. Моцарт дәстүрінің жалғасын Л. ван Бетховен, Ф. Шуберт, К.М. фон Вебер, А.Лорцинга, О.Николай шығармаларынан көруге болады. Зингшпильдің кейбір сипаттары 20 ғ-да мюзикл жанры түрінде қайта дами бастады.[1]
Дереккөздер
өңдеу- ↑ "Қазақ Энциклопедиясы",4 том 3 бөлім
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|