1. Зорлау, яғни жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе оны қолданбақшы болып қорқытып, не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жыныстық қатынас жасау, — үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Зорлауды:

  • Адамдартобы, алдын ала сез байласкан адамдартобы немесе ұйымдасқан топ жасаса;
  • Өлтіремін деп қорқытумен ұштасып, сондай-ақ жәбірленушіге немесе басқа адамдарға қатысты аса қатыгездікпен жасалса;
  • Жәбірленушінің соз ауруын жұқтырып алуына әкеп соқса;
  • Бірнеше рет немесе бұрын нәпсі құмарлық сипаттағы зорлау әрекеттерін жасаған адам жасаса;
  • Көрінеу кәмелетке толмағанға жасаса, — бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Зорлау:

  • Абайсызда жәбірленушінің өлуіне әкеп соқтырса;
  • Абайсызда жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтіруге, оның ВИЧ/ЖҚТБ-ны жұқтырып алуына немесе өзге ауыр зардаптарға әкеп соқса;
  • Жәбірленушінің он төрт жасқа толмағанын көрінеу біле тұрып;
  • Қоғамдык зілзала жағдайларын пайдаланған немесе жаппай тәртіпсіздік барысында жасалса, — сегіз жылдан он бес жылға дейінгі

мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.[1]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6
  NODES