Зорман (лат. Spermophilus fulvus) – кемірушілер отрядының тиін тұқымдасына жататын ірі тышқан.

Зорман

Амандық күйі
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Сүтқоректілер
Сабы: Кеміргіштер
Тұқымдасы: Тиінтәрізділер
Тегі: Сарышұнақтар
Түрі: S. fulvus
Екі-есімді атауы
Spermophilus fulvus
(Lichtenstein, 1823)

Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының жерінен Іле өзеніне дейінгі өңірлерді мекендейді. Негізгі мекені – сазды топырақты, шөлді қоныстар, құмды төбелер мен шөлейтті жазықтар. Дене тұрқы 23 – 35 см, құйрығының ұзындығы 6 – 10 см, салмағы 0,7 – 1,6 кг. Арқасы сарғыш, жүні қалың, ұзын, жұмсақ болады. Зорман өсімдіктің 30-40 түрімен қоректенеді.

Маусым – шілде айларында ұйқыға кетіп, ақпан – наурызда оянады. Көктемде ұйығып, шағылысқаннан кейін 1 айдан аса уақытта балалайды (1 – 9). 25 күннен кейін балалары інінен шығады. Қорегін күндіз аулайды. Зорман құнарлы мал азықтық шөптерді, баданалы өсімдіктерді жеп, ауыл шаруашылығына зиян да келтіреді. Қысқа қор жинамайды. Зорман мамық терілі бағалы аң болғандықтан, кәсіптік жолмен ауланады. Қазақстанда жылына 150 – 200 мыңдай зорман терісі дайындалады.[2]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Tsytsulina, K., Formozov, N. & Sheftel, B. (2008). Spermophilus fulvus. In: IUCN 2008. IUCN Red List of Threatened Species. Downloaded on 8 қаңтар 2009.
  2. “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Spermophilus fulvus
  NODES