Зымыран (лат. Alcedo atthis) – көкқарғатәрізділер отрядына жататын Зымырандар тұқымдасына жататын Зымырандар туысынын құсы. Дене тұрқы 10 – 45 см, қанатының ұзындығы 8 см-дей, салмағы 27 – 38 г. Аталығының мөлшері аналығынан ірілеу болады. Денесінің жоғарғы бөлігі қара көк түсті, басында қара және көгілдір түсті көлденең жолақтар анық көрінеді. Тамағы мен мойнының айналасы ақ, жемсауы көгілдір, бауыры жирен түсті. Тұмсығы қара, аяқтары қызыл болады. Негізінен ұсақ балықтарды жейді, одан басқа ұсақ жәндіктермен, әсіресе, инеліктердің дернәсілдерімен қоректенеді. Зымыран – жыл құсы. Ұяларын ағаштың қуысына, індерге салады. Жылына кейбір түрлері 2 – 3 мәрте көбеюге қатысады. 2 – 7 жұмыртқа салып, оны аталығы мен аналығы 21 күндей кезектесіп басады. Балапандарын тек аналығы жемдейді. Зиянды жәндіктерді жеп пайда да келтіреді.[2]

Зымыран
A. a. bengalensis
A. a. bengalensis
Амандық күйі

Least Concern (IUCN3.1) [1]
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Құстар
Сабы: Көкқарғатәрізділер
Тұқымдасы: Зымырандар
Тегі: Зымырандар туысы
Түрі: A. atthis
Екі-есімді атауы
Alcedo atthis
(Линней, 1758)
     Ұялайтын     Жыл бойы     Ұяламайтын
     Ұялайтын     Жыл бойы     Ұяламайтын
Alcedo atthis

Сипаттамасы

өңдеу

Зымыран - жоны металл жылтырлы, көк жасыл, бауыры қызғылтсары, тамағы ақ, кішкене денелі (35 г шамасында ) құс. Оңтүстік Еуропа, Африка, Оңтүстік Азияда қоныстанады. Қазақстанда бірінен-бірі алшақ екі алқапта: Сырдариядан Алтайға дейінгі оңтүстік- шығыста және Жайық алабында ұялайды. Ағаш-бұталы өсімдіктері бар өзендер мен көлдерді бойлай орнығады. Ұясы тереңдігі бір метрге дейін жететін інде орналасады.

Ұя бөлігі деп аталатын іннің кеңдеу жерінде аналығы домалақтау келген төрт-он ақ жөмыртқалар тауып, оларды басады. Жұмыртқадан үш аптадан кейін қызылшақа балапандар шығады. Балапандарды аталық және аналық төрт аптаға жуық ұяда қоректендіреді. Ейде алаш балапандар өргізген соң сол ұя бөлігінде екінші ет жұмыртқалап, балапан өргізеді. Сәуірдің соңында- мамырдың басында ұшяп келіп, қазанның ортасына дейін ұшып кетеді, ал кейбіреулері Қазақстанның оңтүстігінде қыстап қалады.[3]

Дереккөздер

өңдеу
  1. BirdLife International (2008). Alcedo atthis. In: IUCN 2008. IUCN Red List of Threatened Species. Downloaded on 11 қазан 2009.
  2. “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
  3. Құстар.Мектеп энциклопедиясы,2010,Ковшарь Анатолий Федорович,ISBN 978-601-282-168-0, 352 бет, Алматы: Атамұра

Сыртқы сілтемелер

өңдеу


  NODES
Done 1