Интубация
Интубация (лат. in - ішінде, tuba - түтік) - көмей тарылып, тұншығу қаупі төнгенде тыныс алуды жақсарту үшін ауыздан көмейге арнайы түтік енгізу.
-
Сипаттамасы1
Интубацияны көмейдің әр түрлі патологиялық кемістігінде, күю салдарынан кенет тыныс алу бұзылғанда, кейбір жарақат кезінде, көмекей күл ауруына шалдыққанда, кенет ісік пайда болғанда қолданады. Интубация әдісі медицинада 19 ғасырдың басынан белгілі. Ресейде алғаш рет К. Раухфус (1890 жылы) қолданған. Интубациялық аспап түтіктен (интубатордан), ауыз кеңейткіштен, экстрантордан тұрады. Қазіргі кезде интубациямен кейде наркоз да беріледі. Интубациямен науқас адамды қауіпті тұншығудан аман алып қалуға болады. Интубацияны науқас адамды отырғызып не жатқызып жасайды және операция кезінде аса ұқыптылық, тазалық шараларын бұлжытпай сақтау шарт.[1]
Дереккөздер
өңдеу- ↑ Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы 1974,5 том.