Камаразавр - ұзын мойынды, ұзын құйрықты, алып зауропод динозавр. Ол шөппен қоректенген. Ұзындығы - 23 метр, биіктігі - 4,5 м, салмағы - 20 тонна. Өзге зауроподтармен салыстырғанда, денесі кішкентай. Басы сопақша келген, тұмсығы доғал, тістері қасықтай, құйрығы мен мойыны қысқа, аяқтары жіңішке. Алдыңғы аяқтары артқы аяқтарынан сәл қысқа. Динозавр артқы аяқтарымен жүрген. Камаразаврдың омыртқалары қуысты болғандықтан салмағы жеңіл. Сондықтан да динозаврлдың атауы "қуыс сүйекті кесіртке" деген мағынаны білдіреді. Камаразаврдың табылған қалдықтарының арасында жас және ересек динозаврлардың сүйектері болды. Олар үйірмен өмір сұріп, кішкентай балаларына қамқорлық корсеткен. Камаразаврлар жұмыртқадан жарылқан. Алайда олардың жұмыртқалары ұядан емес, жерден табылды. Камаразавр жүріп келе жатып жұмыртқа салған болуы мүмкін. Сол себепті олар жұмыртқасын қараусыз қалдырған. Бұл зауроподтың өмір ұзақтығы 100 жылға дейін созылған. 19 см-ге дейін қашау пішіндес тістері болған <references> Динозаврлар энциклопедиясы - Алматы "Аруна" </ref>

  NODES