Камуфляж (франц. camouflage — бұркемелеу) — объектілерді (танктерді, зеңбіректерді, ұшақтарды, кемелерді, ғимараттарды) ірі дақтар, жолақтар салу арқылы барлаудың көзбен бақылау арқылы, оптикалық және фотосуретті құралдармен аныктауын қиындататын бүркемелеудің бір тәсілі. Камуфляждың көмегімен объектінің сыртқы түрі коршаған ортаға сәйкес болып, өзгертіледі. Объектінің сыртқы келбетін қайталамас үшін формасы мен көлемі әр түрлі симметриялы болмайтындай етіп жүргізіледі. Бояу түрлері жыл мезгілдері мен қоршаған ортаға байланысты таңдалады (қыста кобінесе ак түс, жазда — ор түрлі ашық жасыл (өсімдіктерге байланысты), шөлді аймақта сарғыш, сұр түстер және т.б. пайдаланылады). Камуфляжды жүзеге асыру процесі камуфляждау деп аталады. Ол бояғыш агрегаттар немесе бояу жаққыштар мен біліктердің көмегімен жағылады. Камуфляж Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғыстарда армияның барлық түрінде кеңінен қолданылды жоне өзінің мәнін қазіргі уақытта да жоғалтқан жоқ. [1]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001
  NODES