[1]

A.
Мыс катоды
Катод(грекше kathodos – төмен түсу, қайту) – теріс зарядты электрод.
  • 1) ток көздерінің (аккумулятор, гальваникалық элемент, тағы басқа) теріс полюсі;
  • 2) вакуумда немесе газда электрод аралық кеңістіктің өткізгіштігін қамтамасыз ететін электрвакуумдық немесе газ разрядтаушы аспаптардың теріс электроды;
  • 3) электрлік химияда электролиттердің (иондарының) катиондарының тотықсыздану процесі жүретін теріс зарядты электроды. Катод анодпен бірге электролиз кезінде электродтар ретінде қолданылады. Катод жасайтын материалдар электролиттердің және электролиз кезінде шығатын өнімдердің табиғатына байланысты болады. Көп жағдайда катодты графит, көмір, платина, тотықпайтын болат, никель, мыс сияқты металдардан жасайды.

Дереккөздер

өңдеу
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Электроника, радиотехника және байланыс. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 ISBN 9965-36-448-6


  NODES
os 2