Квебек

Канада провинциясы

Квебек (фр. Québec, ХФӘ: [ke.bɛk], ағылш. Quebec ХФӘ: [kwəˈbɛk]) — аумағы бойынша 1-ші және халық саны бойынша 2-ші Канада провинциясы. Орталығы — аттас Квебек қаласы, ал ең ірі қаласы Монреаль болып табылады. Ресми тілі — француз тілі, бұл тілде провинция халқының 80%-ы сөйлейді.

Канада провинциясы
Квебек
фр. Québec

Квебек
Ту Елтаңбасы
Ту Елтаңбасы

фр. Je me souviens
"Ұмытпадым"

Әкімшілігі
Әкімшілік орталығы

Квебек

Лейтенант-губернаторы

Пьер Дюшен

Премьер-министрі

Франсуа Лего

Тарихы мен географиясы
Координаттары

52°00′00″ с. е. 72°00′00″ б. б. / 52.00000° с. е. 72.00000° б. б. / 52.00000; -72.00000 (G) (O) (Я)Координаттар: 52°00′00″ с. е. 72°00′00″ б. б. / 52.00000° с. е. 72.00000° б. б. / 52.00000; -72.00000 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1 шілде 1867

Жер аумағы

1 667 441 км² км² (16,7 %, 1-ші орын)

Биіктігі
· Ең биік


Д’Ибервиль (1652 м) м

Уақыт белдеуі

UTC-5

Ірі қаласы

Монреаль

Басқа ірі қалалары

Лаваль, Гатино, Лонгёй, Шербрук, Сагеней, Леви, Труа-Ривьер, Террбон

Экономикасы
ЖІӨ
· орын
· жан басына

19 348 млн C$ (2009 жыл)
2-ші орын
40 224 C$

Тұрғындары
Тұрғыны

8 294 656 адам (01.01.2016)(23 %, 2-ші орын)

Тығыздығы

4.9 адам/км²

Ресми тілі

Француз

Сандық идентификаторлары
ISO 3166-2 коды

CA-QC

Пошта индекстері

QC

gouv.qc.ca

Квебек Ортаққорда Координаттар: 52°00′00″ с. е. 72°00′00″ б. б. / 52.00000° с. е. 72.00000° б. б. / 52.00000; -72.00000 (G) (O) (Я)

Тарихы

өңдеу

Провинция аймағында алғаш рет адамдар 10-11 мың жыл бұрын қоныстанған. Ол кез мұз дәуірінің соңғы кезеңі болатын. Ол адамдар осы жерге Азиядан Беринг мойнағы арқылы келген. Нәтижесінде бұл аймақта үш ірі этнолингвистикалық қауым құрылды: ирокездер, алгонкиндер және инуит-алеуттер. Бұл қауымдардан 11 халық шықты: абенакилер, алгонкиндер, аттикамектер, крилер, гурондар, малеситтер, микмактар, могавктар, монтаньелер, наскапилер және инуиттер.

Кейбір деректер бойынша, алғашқы еуропалықтар бұл жерге X ғасырда келген. Викингтер үндістермен Ньюфаундленд, Гренландия аралдарында және Лабрадор түбегінде кездесіп отыратын. Американың ашылуына дейін баскілер, бретондар және нормандар Солтүстік Америка жағалауларында балық аулайтын, тіпті Сент-Лаурент өзеніне баратын.

География

өңдеу

Квебек — Канаданың ең ірі провинциясы. Аймағы аса ірі және онда халық сирек қоныстанған. Аймақтың 90%-ы Канада қалқанының бөлігі болып табылады.

Солтүстік-шығыста Ньюфаундленд және Лабрадор провинциясымен, оңтүстік-шығыста Нью-Брансуик провинциясымен, оңтүстікте АҚШ-пен, оңтүстік батыста Онтарио провинциясымен шектеседі.

Демография

өңдеу

Провинция халқының 80%-ы оңтүстіктегі Сент-Лоран өзені бойында тұрады. 2009 жылы 498 км² ауданы бар Монреаль аралында 1 906 693 адам тұрады (халық тығыздығы — 861,6 адам/км²), ал провинция ауданының 43%-ы келетін Солтүстік Квебекте 41 129 адам ғана тұрады.

Халық азшылығы халық санының 9%-ды құрайды, және, көбінесе, Монреаль қаласында шоғырланған. 1960 жылдарға дейін провинцияға тек Еуропа елдерінен ғана келіп отырды. Ал қазіргі кезде Квебек провинциясына келімсектер Қытай, Солтүстік Африка елдері, Латын Америка елдері және т.б. елдерден келіп отырады.

Экономика

өңдеу

Квебек провинциясының экономикасы бұрында Монреальдың Сен-Жак көшесіндегі синдикат қолында болатын. Ал қазіргі таңда Квебек постиндустиальды сатыда дамып жатыр. Экономика, көбінесе, нарықтық болып табылады. Экономикадағы либерализм дирижизммен үйлесіп отырады. Квебек экономикасының дамуы Квебек үкіметі бөлімшелерін үйлестіру арқылы жүзеге асады.

  NODES