Кельт тайпасы алғашында (б. з. б. 1 ғасыр) Рейн мен Дунай өзендерінің бойын мекендеген, кейін Солтүстік Германияға, одан соң Францияға, Бельгия, Аустрия мен Британия аралдарына барған. Тілдері үндіеуропа тілдерінің тобына жатады. Кейін жергілікті халықтардың тілімен араласып кеткен. Іздері Британия аралдарын мекендейтін исланд, шотланд т. б. халықтар тілдерінде сақталған. Кельт әдебиетінің «сага» үлгісін жасауға ерте заманда «фильд» деп аталған ақындар атсалысқан. Олар ертедегі ақсүйектік білімнің сақтаушысы ретінде жауынгерлік әндер мен мақтауларды шығарған. Әуезов «Жамбылдың айтыстағы өнері» мақаласында акындар айтысына ұқсас әдеби жанрлардың Батыс Еуро- падағы үлгілеріне токтала келіп: «Ал батыста кельттің фильдері, терістік Франциядағы труверлер, орталык Европадағы мейстерзингерлер, орыста кейде скоморохтар, Скандинавия елдерінде болған эддаларды жырлайтын скальдылар - көбінше айтысқа жүйрік акындар» деген. 1948 жылы шыққан «Қазақ әдебиеті тарихының» 1-томына жазған «Айтыс өлеңдері» тарауында: «Сол алуандас айтыс өлең Батыс Европаның орта ғасырында кельттерде «фильдер» деген ақындарды туғызған» деп тагы да айтқан.[1]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8


  NODES
Done 1