Керамбит - Малай архипелагындағы суық қарудың дәстүрлі түрі. Өте шытырман шығу тарихы бар.

Көне керамбиттің түрі

Бір нұсқасы бойынша, ол өзінің шығуымен Ява аралдарында тұрған Сунда тайпасына қарыздар. 1280 жылы олардың Пак Макан патшасы қайтыс болып, олар оның жаны жолбарыста өмір сүреді деп, осы жануардың тырнағына ұқсас қару қолданған. Шынымен де, жиі керамбит сөзін "жолбарыс тырнағы" деп аударып жатады.

Басқа нұсқа бойынша бұл қарудың шығу тегін Малайзия мен Индонезиядағы кең тараған әтештер төбелестерімен байланыстырады. Соққы жарасын үлкейту үшін әтештің аяғына керамбитті еске түсіретін пышақ байлап қоятын. Кей кездерде, құлшынысты әтештер төбелесіп жатқан інінен атып шығып, осы қарумен көрермендерді жаралауға дейін баратын. Жарақаттың ауыр болуы оны төбелес қаруы ретінде пайдалануға итермеледі.

Керамбиттің іш жағынан қайралған 3-тен 10 см.-ге жететін ай тәрізді жүзі және бас жағында саусақ арқылы ұстайтын домалақты сабы бар. Оның сабы ағаштан жасалып, мыс бұрандама арқылы бекітіледі.Керамбиттің осы түрі көп таралған, бірақ оның 2 жүзді немесе домалақ ұстағышсыз түрлері де кездесіп жатады.Оның 20-30 см.-лік дүзді түрлері бар. Оларды көбінесе Бладау немесе Куку Макан деп атайды.

Керамбит - "Counter-Strike: Global Offensive", "Splinter Cell: Blacklist", "Call of Duty: Black Ops" ойындарында кездеседі және өте қымбат әрі бағалы болып саналатын қару.

Дереккөздер

өңдеу
  • Фомин А. Керамбит — стальной коготь тигра // Братишка : Ежемесячный журнал подразделений специального назначения. — М.: ООО «Витязь-Братишка», 2013. — № 7. — С. 36-39.
  • Фомин А. Керамбит на армейской службе // Братишка : Ежемесячный журнал подразделений специального назначения. — М.: ООО «Витязь-Братишка», 2013. — № 8. — С. 48-53.
  NODES
Done 1