Кеуде каналы (ағылш. Thoracic duct) — адам анатомиясы бойынша, лимфа жүйесіндегі екі лимфа каналының үлкен біреуі. Ол сондай-ақ Солжақ лимфа каналы, Алиментарлы канал", chyliferous каналы, Van Hoorne-нің каналы деген секілді аттармен белгілі. Бұл каналдан басқа канал - оңжақ лимфа каналы. Кеуде каналы хилусты (chyle) тасиды, ол таза лимфа емес, лимфа мен эмульсияланған майларды қамтыған сұйықтық. Ол оң жақ кеуде, білек, бас және мойын секілді бөліктерден (оларға оңжақ лимфа каналы құяды) басқа қалған денелердегі лимфаның көп бөлігін жинайды.[1] Кеуде каналы он екінші арқа омыртқасынан (T12) басталып, мойын астына дейін созылады. Ол солжақ субклавиялы көктамыры мен ішкі кеңірдек көктамырларының түйіскен жеріндегі, яғни брахиоцефалды көктамырдың басындағы Қанайналым жүйесіне хилус құяды.

Кеуде каналы
Кеуде және оң жақ лимфа каналдары.

(Кеуде каналы - ортасындағы
жұқа тік ақ сызық.)

Кеуде каналы қайнарының моделі.

(a) Кеуде каналы. (a′) Цистерна хилус.
(b), (c′) сыртқы аорталды бездердің
эфферентті діңдері.
(d) бір эфферентті тамыр

Латын тілі ductus thoracicus

Кеуде каналы жарылса, одан пайда болған көп мөлшердегі сұйықтық плевра қуысына құйылады, ол хлоторакс деп аталады.

Дереккөздер

өңдеу
  NODES