Кеурексасыр немесе Асафетида (лат. Ferula assa-foetida) – шатыршагүлділер тұқымдасының сасыр туысына жататын көпжылдық емдік қабілеті жоғары өсімдік. Жапырақтары өте ірі болып келеді. Гүлдері сары, шатыр секілді болып келеді де, олар бұтақты сабаққа топталып өседі. Кеурексасырдың жаңа кезінде өзіне тән усарымсақ сияқты исі болады. Тамырын қиғанда одан шырын-шайыр шығады да, олар сұр, немесе қоңыр түстеніп әр түрлі көлемде қалады. Өсімдіктің тамырынан дайындалған хош иісті шайыр. Өзіндік дәмі бар және емдік қасиеті бар. Дәмі сарымсаққа ұқсайды.[1]

Кеурексасыр
немесе
Асафетида

Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Қос жарнақтылар
(unranked) Asterids
Сабы: Apiales
Тұқымдасы: Apiaceae
Кіші тұқымдасы: Apioideae
Тайпасы: Scandiceae
Кіші тайпасы: Ferulinae
Тегі: Ferula
Түрі: F. assa-foetida
Екі-есімді атауы
Ferula assa-foetida
L.

Химиялық құрамы

өңдеу

Шырышты шайырда 5-20 пайыз эфир майы болады, ал, оның құрамына органикалық сульфидтер кіреді. Демек, кеурексасырдағы жағымсыз усарымсақтың иісі осыған байланысты.

Қолданылуы

өңдеу

Кеурексасыр жалпы денсаулықты нығайтатын және истерия, неврастения, вегетаневроздар кезінде сергітетін дәрі ретінде пайдаланады. Сондай-ақ оны басқа да дәрі өсімдіктерімен қосып өкпе туберкулезін, экссудативті диатезді, лимфоаденитті (без қабынуын) және оститтерді (сүйек ауруы) емдеуге қолданады. Кеурексасыр препараттарын суық тиюге қарсы және қақырық түсіретін дәрі ретінде пайдалынуға болады. Кейбір тері ауруларына дәрі май күйінде дене сыртына қолданады. Өкпенің қақырық аз бөлінетін, ентігу және демікпе ұстамасы қосарланатын созылмалы қатары бар қарт адамдарға кеурексасыр шайыры көп көмек береді. Сонымен бірге бұл өсімдіктің шайыры етеккірі келгенде құрсақтың төменгі жағында байқалатын ауыртуларды тыныштандырады.[2]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: К54 Қоғамдық тамақтандыру.—Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 232 бет.ISBN 9965-36-414-1
  2. Дәрілік өсімдіктер. Алматы, "Қазақстан", 1975, 172 бет.
  NODES
Idea 1
idea 1