Киев Русі

IX ғасырда пайда болған Шығыс Еуропадағы славян тайпаларының тарихи мемлекеті

Киев РусіКиев билігіне әртүрлі этникалық топтардың бағынуы және бірігуі нәтижесінде пайда болған ортағасырлық мемлекет нәтижесінде Шығыс Еуропада 8–9 ғасырлар аралығында пайда болған мемлекет.

Киев Русі
Ежелгі Русь

көне русь. мен шірк.слав. Рѹсьскаѧ Землѧ

Ежелгі мемлекет
862/882 — 1132/1240



Астанасы Киев (862/882—1240)
Ірі қалалары Киев, Ұлы Новгород, Чернигов, Переяслав, Полоцк, Туров, Владимир-Волынский, Смоленск, Псков, Новгород-Северский, Пшемысль, Теребовля, Галич, Ростов, Суздаль, Ескі Рязань
Тіл(дер)і көне русь тілі
Діні славян паганизмі мен православ шіркеуі
Ақша бірлігі куна, гривна, ногата
Аумағы шамамен 1 330 000 км² (1000 жыл)
Халқы 5,4 млн адам (1000 жыл)
Басқару формасы ерте феодалды монархия
Династиясы Рюриковичтер

Тарихы

өңдеу

XX – XXII ғасырларда Киев пен Новгородта жазылған жылнамаларда Киев Русінің тарихы 852 жылдан бастап көрсетіледі. Жылнамалар бойынша, 862 жыл. Рюрикке ерген варягтар, алдымен Аскольд пен Дир Киевке келіп басшылық жасаған. Бұл Киев Русін варягтар (нормандар) құрды деген XVIII ғасырдағы норман теориясының шығуына негіз болды. Мемлекет Киев төңірегінде (полян тайпасы) северян, древлян, дреговичи, полочан, словен сияқты басқа да тайпаларды жаулап алып, шоғырландырған князь Олег (882 - 912) тұсында нығая бастады.[1]

Владимир Святославович князьдік еткен кезең (980 – 1015) Киев Русінің гүлденген тұсы болып есептеледі. Ол елге Византия ықпалымен христиан дінінің православие тармағын енгізді. 1024 жылы князьдік Днепрдің бойымен екіге бөлініп, 1036 ж. қайта бірікті. Ярослав Мудрый шіркеудің Византияға тәуелділігін жойып, Батыс Еуропа елдерімен тіке байланыс орнатты. Бірақ, оның 3 ұлы елді бөлісіп билеп, бөлшектенуге жол берді. Сыртқы жаулардан қорғану үшін уақытша бірігулер еш нәтиже бермеді.

1132 жылы Мстислав Владимирович князь өлгеннен кейін, Киев Русі толығымен ыдырап кетті. Мемлекетті қарулы жасаққа сүйенген князь басқарды. Князьдің айналасында ірі ақсүйектер – боярлар оған бағыт-бағдар беріп отырды. Киев Русі өз көршілерімен (нормандар, византиялықтар, хазарлар, печенегтер, түріктер, қыпшақтар, т.б.) тығыз қарым-қатынас жасады. 11 ғ-дың 2-жартысынан бастап Еділден Дунайға дейінгі аралықта Киев Русінің негізгі көршісі қыпшақтар болды.

Қыпшақтар 1068 жылы және 1093–96 жылдары Киев Русі не күйрете соққы беріп, елдің оңт. өңірлеріне өз билігін орнатты. Киев Русінің князьдері қыпшақ тайпалары қыздарына үйленуді дәстүрге айналдырды. Князьдердің жеке жасағы, негізінен, түркі тайпалары қарақалпақтардан, берендилерден (беренділер) құралды. Біршама уақыт қыпшақ билеушілері мен Киев Русі князьдері арасында достық қарым-қатынас орнады. Алайда, 1103–17 жылдары Владимир Монамах князь өз жасағымен бірнеше рет жорық жасап, қыпшақтарды Солтүстік Кавказ, Еділ-Жайық, Дон бойына ығысуға мәжбүр етті.

Қоғамы

өңдеу
 

Сауданың дамуы мен қаланың географиялық орналасуына байланысты Киев мемлекеттің ең маңызды қаласы болып кетеді; Киевтің басшысы маңайындағы жерлерге де әсерін тигізе алатын. Мемлекет өндіріс пен өнімділігін өсіру мақсатымен және тайпалардың бірігуінен пайда болды. Бұл шешім Русьтағы ең ірі қалалардың және Шығыс Еуропа тарихындағы ең бірінші шынайы мемлекеттің пайда болуына әсер етеді. 11-12 ғасырларда Киев Русінің принцтары славян мен скандинавия элиталарының тобы болатын.

Киев русінің негізгі халқы — тәуелсіз шаруалар (крестьяне). Оларды көбінесе «людиндер» деп атайтын. Уақыт өте келе олардың көбі смердтер болып кетеді, бұл князьге тәуелді болып кеткен шаруалардың тобы. Смердтерде өзінің жеке бостандығы болған, алайда олар князьдің белгілі бір юрисдикциясының әсерін көретін. Басқа қарызға қатты түсіп қалған немесе қамалға түскен адамдар сияқты, смердтер де челядин болып кетуі мүмкін.

Ұлттық құрамы бойынша халқы көбінесе славян, скандинавия және балтық тайпалары болатын.

Мәдениеті

өңдеу

Киев Русіне Византия мәдениеті зор әсер етті. Әдебиет, негізінен, діни салада дамып, грек, көне еврей, араб тілдерінен көптеген кітаптар, эпостар аударылды. Төл әдебиет те дамыды. Киев Русінде туған “Повести временных лет” жылнамасы – орта ғасырлардағы Еуропа шежірелері ішіндегі ең елеулі шығармалардың бірі. Князьдікте сауаттылық біршама кең тараған, оған қабық самыра жазулары дәлел. Сәулет және бейнелеу өнерлері өз бастауларын ежелгі шығыс славян тайпаларынан алғанымен, саяси-мәдени байланыстар нәтижесінде Византия, Солтүстік Еуропа, Орталық Азия, Таяу Шығыс елдерінен көптеген үлгілер қабылданды. Киев Русі гүлденген дәуірде русь шеберлері тас құрылыстар, мозаика, фреска, икона жасау, кітап миниатюрасы өнерлерін игерді. Христиан діні кіргеннен кейін толып жатқан ғибадатханалар салынды. Олардың ішіндегі көрнектілері Киевтегі София соборы (11 ғасыр), Десятинная шіркеуі (11 ғасыр), Черинговтағы Спаск-Преображенский соборы (11 ғасыр), т.б. болды.[2]

Тас құрылыстардың ішіндегі көрнектілері – астынан жол өтетін мұнаралары бар бекіністер (Киевтегі Алтын қақпа), сырты орланған, әрі топырақ қорғанмен қоршалған түрлі бекіністер мен мекен-жайлар болды. Музыкада халық шығармашылығы, ғұрып-салт музыкасы және түркілер мен нормандардың ықпалымен туған әскери музыка кең түрде дамыды. Князь сарайларында, жасақ басшыларында арнайы әншілер мен музыканттар қызмет жасады. Олар көсемдер мен даңқты батырларды мадақтайтын жырлар шығарды. Киев Русі шығыс славян халықтары үшін аса маңызды кезең болды. Украин, беларусь, орыс халықтары өз тарихтары мен мәдениеттерін сол дәуірден бастайды.[3]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Orest Subtelny. "Ukraine. A History".
  2. Қазіргі дүние географиясы: Хрестоматия. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған оқу құралы. / Қ. Ахметов, Т. Увалиев, Г. Түсіпбекова. —Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-216-5
  3. Қазақ Энциклопедиясы


  NODES