Клиринг
Клиринг (ағылш. clearіng – есеп айырысу) – тараптардың өзара талаптар мен міндеттемелерді есепке алуына негізделген қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жүйесі. Көптеген елдердің ішкі айналысында жекелеген кәсіпорындар (фирмалар‚ ұйымдар‚ т.б.) мен банктердің арасында тауарлар‚ көрсетілген қызметтер‚ бағалы қағаздар үшін есеп айырысумен байланысты қоғамдық шығындарды үнемдеу құралы ретінде пайдаланылады. Клирингілік есеп айырысуды лицензиясы бар мекемелер клирингілік келісімдер негізінде жүзеге асырады. Тауарлардың‚ бағалы қағаздардың‚ құқықтардың‚ т.б. қатаң құндық балансы Клирингілік есеп айырысудың негізгі шарттары болып табылады. Халықаралық есеп айырысуда валюталық Клиринг – көрсетілетін тауар қызметтері құнының тепе-теңдігінен туындайтын қарсы талаптар мен міндеттемелерді өзара есепке алу туралы үкіметаралық келісім қолданылады‚ ол валюталардың өзара конверсиялануының негізі ретіндегі алтын стандарты жүйесі күйрегеннен кейін пайда болды. Қазіргі кезеңде халықар. Клиринг ең алдымен ұлттық валюталары айырбасталмайтын‚ СКВ (ЕАВ) мен алтын қоры шектеулі елдерде қолданылады.[1]
Дереккөздер
өңдеу- ↑ Банк терминдері мен ұғымдарының қазақша-орысша сөздігі. / Ғ. Сейіткасымов, Б. Бейсенғалиев, Ж. Бекболатұлы — Алматы: Экономика, 2006. ISBN 9965-783-20-9
Қазақ Энциклопедиясы, 11 - том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|