Козлук
Козлук (түр. Kozluk) — Түркиядағы Батман иліндегі қала және аудан.
Тарихи атауы – Хазо және Коз. Хазо атауымен «Шереф-наме» және «Сеяхат-наме» атты шығармаларда аталады. «Сеяхат-наме» шығармасы бойынша Ақсақ Темір Хазо қаласын Ак-Коюнлылардан жаулап алып, қаланы қиратып кетеді.
Ак-Коюнлылардың басқаруымен қала қайтадан жанданып, 1502 жылы шахиншах Исмаил І басып алады. Чалдыран соғысынан кейін 1514 жылы Хазо қаласы Осман империясының құрамына кіреді.
Түркия Республика болып жарияланғаннан кейін 1938 жылдың 1 маусымына дейін қала Сасон ауданының бір бөлігі болып, кейін Козлук атауымен аталып Сиирт илінің құрамына кіреді. 1990 жылдың 18 маусымынан бастап Батман илінің басты қаласы болады.
Дереккөздер
өңдеуБұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|