Коперниций
Коперниций немесе Коперникий (лат. Copernicium; Cn) — Менделеевтің Периодтық кестесінің 12-ші топтың жанама топшасының, 7 периодтың химиялық элементі, (CAS-номер: 54084-26-3). Реттік нөмірі – 112, атомдық массасы – 285. Тұрақсыз радиоактивті элемент. Ең тұрақты изотопының салмағы – 285 және оның жартылай ыдырау мерзімі – 34 секунд.
| |||||
Атом қасиеті | |||||
---|---|---|---|---|---|
Атауы, символ, нөмірі |
Коперниций / Copernicium (Cn), 112 | ||||
Топ типі | |||||
Топ, период, блок |
12, 7, d | ||||
Атомдық масса (молярлық масса) | |||||
Электрондық конфигурация | |||||
Қабықшалар бойынша электрондар |
2, 8, 18, 32, 32, 18, 2 | ||||
Атом радиусы |
147 пм | ||||
Химиялық қасиеттері | |||||
Ковалентті радиус |
122 пм | ||||
Тотығу дәрежелері |
0, (+1), +2, (+4) | ||||
Иондалу энергиясы |
1-ші: 1154.9 кДж/моль (эВ)
| ||||
Жай заттың термодинамикалық қасиеттері | |||||
Термодинамикалық фаза | |||||
Тығыздық (қ.ж.) |
23.7 г/см³ | ||||
Басқа да қасиеттері | |||||
CAS нөмірі |
54084-26-3 |
Коперниций алғашқы рет 9 ақпан 1996 жылы Германиядағы Дармштадт қаласындағы Ауыр иондарды зерттеу орталығында (нем. Gesellschaft für Schwerionenforschung, GSI) синтезделген. С. Хоффман, В. Нинов, Ф. П. Хессбергер, П. Армбрустер, Х. Фолгер, Г. Мюнценберг т.б. неміс химиктары 277Cn изотоптарын синтездегеН.
2000 және 2004 жылдары Ресейде Дубна қаласындағы Ядролық зерттеу институтында коперницийдің ауыр изотоптары синтезделді[1].
Элементтің ашылуын ресми түрінде ИЮПАК 2009 жылы мамыр айында таныды. 19 ақпан 2010 жылы Николай Коперниктің құрметіне 112-ші элементті Copernicium (Cn) деп аталды.
Белгілі изотоптар
өңдеуИзотоп | Массасы | Жартылай ыдырау мерзімі[2] | Ыдырау түрі |
---|---|---|---|
277Cn | 277 | 0,69 мс | α-ыдырау 273Ds |
282Cn | 282 | 0,50 мс | спонтанды бөліну |
283Cn | 283 | 4,0 с | α-ыдырау 279Ds (99 %), спонтанды бөліну |
284Cn | 284 | 79 мс | спонтанды бөліну |
285Cn | 285 | 29 с | α-ыдырау 281Ds |
Дереккөздер
өңдеу- ↑ Международный химический союз признал 112-й химический элемент. Лента.Ру (11 маусым 2009 ж.). Басты дереккөзінен мұрағатталған 29 сәуір 2013. Тексерілді, 29 сәуір 2013.
- ↑ Nudat 2.5
Сыртқы сілтемелер
өңдеу Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Ununbium |