Корсет (франц. corset) – арнайы жасалған ортопедиялық құрал. Корсет құнысты түзету үшін, омыртқа жотасы түрлі ауруға шалдығып қисайғанда не жарақаттанғанда қолданылады. Корсет гипстен, былғарыдан, целлулоидтен, пластикалық материалдардан жасалады. Корсет бекітуші және түзетуші болып екіге бөлінеді. Бекітуші Корсет омыртқа туберкулезінде, құяңда, спондилолистез (омыртқаның жая сүйектен жамбасқа қарай таюы) ауруының қатты асқынған кезінде, омыртқа сынғанда не орнынан тайғанда, омыртқа жотасына хирургиялық операция жасағаннан кейін оны қозғалдырмау үшін қолданылады. Бел омыртқа, қабырға сүйектері жарақаттанып қисайғанда емдеу әдісінің бірі ретінде, сондай-ақ, жеңілдік беріп көтеріп тұру үшін түзетуші Корсет пайдаланылады. Корсет алмалы-салмалы болып құрастырылады. Ол науқас адам денесінің пішініне сәйкестендіріп қатырылған гипс негізінде жасалады және дәрігердің кеңесі бойынша пайдаланылады. Корсетті мезгіл-мезгіл шешіп, тазартып, егер пластмассадан жасалған болса жуып тұру керек.

Дереккөздер

өңдеу

Қазақ Энциклопедиясы, 11 - том


  NODES