Кремль–– ішкі бекініс, орыс қалаларының мұнаралы қабырға-қорғанмен қоршалған орталығы. Кремль атауы (“кремник”) т'ұңғыш рет 1331 жылғы жылнамада кездеседі. 14 ғ-ға дейін “детинец”, 16 – 17 ғ-дагород”, “град” деп аталған. Кремль орта ғасырдағы қалалардың биік алқаптарында, көлдің немесе өзен жағалауларында орналасып, су жіберілген ормен қоршалған. Кремль ішінде князьдің сарайы, христиан дінінің ғимараттары (соборлар), боярлар мен діни лауазымды басшылардың тұрғын үйлері орналасқан. Кдің балшық немесе ағаштан, 11 ғ-да тас пен кірпіштен салынған түрлері қалыптасты. 16 – 17 ғ-да К-ді тастан салу өріс алды (Тулада, Смоленскіде, Коломнада, Зарайскіде, Астраханда, Қазанда, т.б.). Біздің дәуірімізге дейін жеткен күйдірілген қызыл кірпіштен салынған жоғары сәулет өнерінің үлгісі Мәскеу Кремлі. Қазақстандағы Атырау қаласынан 40 км жердегі, ортағасырлық Сарайшық қаласының орнында жүргізілген қазба жұмыстарының нәтижесінде бүгінгі Мәскеу кремліне өте ұқсас архитектуралық объект табылған. Ғалымдар 13 ғ-да іргесі қаланған осынау көне жәдігердің құрылымы Мәскеу кремлінің нұсқасына үлгі ретінде пайдаланылған деген пікірді қуаттайды.[1].

A.
Кремль.

Дереккөздер

өңдеу
  1. "Қазақ энциклопедиясы"


  NODES
os 1