Крикет
Крикет (ағылш. Cricket) — ұрғыштың көмегімен ойнайтын доп ойыны. Екі команданың 11ойыншылары кезек-кезек қақпаларды қорғайды. Ол үшін қақпалардың жанында екі қорғаушы(бэтсмендер) тұрады. Қалған 9 ойыншы ойын барысында оларды ауыстырып отырады.
Шабуылдаушының командасы беруші(боулер), күзетші және 9 алаң ойыншыларынан тұрады. Ұпай жинау үшін қорғанушылар мүмкіндігінше көбірек жүгіріп орын ауыстыруға, ал шабуылдаушылар-қорғанушыларды ойыннан шығарып жіберуге тырысады. Бір қақпашадан екінші қақпашаға көп гол салған команда жеңіске жетеді.
Ережелері
өңдеуОйын 11 адамнан тұратын екі команда арасында өтеді. Ойын мақсаты — көбірек ұпай жинау (жүгіру арқылы). Матч инниң (innings) деп аталатын бір неменесе бірнеше бөлімнен тұрады. Әр инниңде бір реттен бір команда ұрса, екіншісі допты қағып тұрады.
Крикет әдетте шөп үстінде ойналады. Ойын алаңы овалды (cricket field) келеді, ал ортасында ұзындығы 22 ярд (20,12 метра) (cricket pitch) болатын жер жолағы болады.
Допты беру, соғу және ұпайды есептеу
өңдеуБір қақпашада тұрып, боулер қарсы қақпаға алты рет лақтырғаннан кейін алаңдағы өз позициясына қайтып оралады. Мұнан кейінгі боулер басқа қақпаға алты рет лақтырады. Егер доп жерге тимей ойын алаңының шекарасынан асып кетсе, онда кері соғушы алты рет өткізді деп саналады, онда оған қақпалардың ортасында жүгірмеуіне болады. Егер доп алаңның шетіне шығып кетпей жерге тисе, бэтсмен төрт рет өткізді деп есептеледі.
Лақтыру техникасы барынша сан алуан. Тәжірибелі боулердің допты беру шеберлігі сондай, ұшып келе жатқан доп бағытын өзгертіп, кері соғуға мүмкіндік бермейді. Сондықтан допты қабылдаудың да ерекше техникасы ойластырылған. Жақсы бэтсмендер ұрғышты көлбеу қойып, допты оп-оңай үйіріп әкетеді.
Бэтсменді қайтіп сындыруға болады
өңдеуАрбитр допты кері соғушыны алаңнан мына жағдайларда шығарып жібере алады:
-Боулер жіберген доп қақпашаның жоғарғы көлденең салмасына соғылып барып енсе; -Кері соғушы доп ұшып келе жатқанда қақпашаны аяғымен көлегейлесе; -Алаңдағы ойыншы допты ұшып келе жатқанда қағып алса; -Егер бэтсмен допты кері соғарда не орын ауыстыру кезінде қақпашаны ұрғышпен немесе денесімен қағып кетіп құласа; -Алаң ойыншыларының біреуі қолындағы добымен қақпаша ауыстырған кезде қақпашаға тиіп кетсе не құлатып кетсе; -Егер «күзетші» бэтсмен өз орынына жүгіріп жеткенше қақпашаны бұзып кетсе;
Дереккөздер
өңдеу"Әлемдік және ұлттық спорт ойындары"-кітабы