Ксернофиттер (гр. ξερός - құрғақ, φυτόν - өсімдік) – құрғақ жерлерде өсетін, құрғақшылыққа және жоғары температураға көп уақытқа шыдайтын өсімдіктер.

Олар ауа және топырақ ылғалдығы төмен жерлерде өсед і: дала, шөл, шөлейт, құмды зоналар.

Ксерофиттердің құрылымдық және физиологиялық ерекшеліктері уақытша не тұрақты құрғақшылықа шыдауға мақсатталған. Кейбір ксерофиттер ,мысалы, экстрималды уақыт аралықтарын тұқым немесе спора ретінде өткізеді; оған Калифорния эшшольциясын жатқызуға болады.

Ксерофиттер суккулент және склерофит болып екіге бөлінеді.

Суккуленттер - су жинақтайтын паренихимасы жақсы дамыған шырынды өсімдіктер. Олар Орталық Азия және Оңтүстік африка территорияларында кездеседі.

Суккуленттердің жапырақтары , олардың редукциясы кезінде, сабағы қалың кутикулаға, балауызды қабатқа иде болады. Өсчімдіктің іш жағында орналасқан леп тесіктер ылғалдық сақтайды. Олар күндіз жабық болғандықтан өсімдікегі транспирация мөлшерін азайтады. Суккуленттерге кактум, алоэ, агава, аспарагус секілді өсімдіктер жатады.

Склерофиттер - кішкентай, кей кезде түтікше ретінде кездесетін, жапырақтары бар құрғақ өсімдіктер. Склеренхиманың жақсы дамуымен байланысты склерофиттер 25% ылғалдыққа дейін жоғалта алады. Судың жетіспеушілігінде транспирация мөлшерін күрт төмендетеді.

Аталмыш өсімдіктердің топтарынан басқа, көптеген өтпелі топтарды бөледі. 

Дереккөз

өңдеу
  NODES